30.01.2017, 22:35 4319

Жергілікті атқарушы және жергілікті өкілдік органдарыныӊ 21 интернет-ресурсын бұзу оқиғалары тіркелді

ҚР АКМ-ніӊ "МТҚ" РМК-ныӊ Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі 21 интернет-ресурсқа бұзып кіруді тіркеді.

Астана. 30 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі өткен демалыста жергілікті атқарушы және жергілікті өкілдік органдарыныӊ, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардыӊ ведомстволық бағынысты ұйымдарыныӊ интернет-ресурстарын бұзып кіру инцидентін тіркеді,- деп хабарлайды Қазақстан Республикасыныӊ Ақпарат және коммуникациялар министрлігі.

Барлығы, ҚР АКМ-ніӊ "МТҚ" РМК-ныӊ Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі 21 интернет-ресурсқа бұзып кіруді тіркеді.

Өткен барлық инцидент бойынша ресурстардыӊ иелеріне басып кіру салдарын жою мақсатында хабарлама жолданды. Қолда бар деректер бойынша интернет-ресурстардыӊ басым бөлігі бір серверде орналасқан және бір осалдығы бар.

Бұл жағдай мазмұнды басқару жүйесін уақтылы жаӊартуға (CMS), тиісті қорғаумен қамтамасыз етуге, инцидентті уақтылы анықтауға, жосықсыз өнім берушілермен интернет-ресурстарды сүйемелдеуге шарттар жасасуға интернет-ресурстардыӊ иелері тарапынан бақылаудыӊ жоқтығынан болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта осыған ұқсас инцидентерді алдағы уақытта болдырмау бойынша жауапты адамдармен барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны