11.02.2014, 18:57 2964

Жергілікті билік жас дәрігерлерге жағдай жасауы керек - С.Қайырбекова

Жергілікті билік жас дәрігерлерге жағдай жасауы керек, деді ҚР денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарында.

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan today. Жергілікті билік жас дәрігерлерге жағдай жасауы керек, деді ҚР денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарында.

Денсаулық министрлігінде хабарлағандай, Бесқарағай аудандық ауруханасында болған кезінде министр елімізде Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде ауылдарда денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қолайлы жағдай жасалғанын атап көрсетті. Медициналық қызметкерлер жұмыс нәтижелеріне қарай негізгі жалақыларына қоса қосымша ақы ала алады. 2014 жылы бұл мақсатқа 20 млрд. теңгеге жуық қаражат қарастырылған.

Салидат Қайырбекова Мемлекет басшысының мамандар тапшылығы мәселесін шешу туралы тапсырмасы орындалатынын жеткізді. Айталық, 2014 жылы ауылдық квотамен білім алған 400-ден астам түлек және 600 резидент ағымдағы жылғы негізгі түлектерге қоса дәрігерлер қатарын толықтыратын болады. Қазіргі уақытта республиканың 6 медицуиналық ЖОО жыл сайын 3 мыңнан аса маман даярлауда және жақында бұл көрсеткіш 5 мыңға жуықтайды.

Осыған орай Министр жергілікті атқарушы органдар министрлік жыл сайын өңірлерге жіберетін жас мамандарға сол жерлерде қолайлы жағдай жасауы керектігін тағы бір мәрте еске салды.

Өңірдің медициналық қоғамдастығымен кездесуде Салидат Қайырбекова "100 аурухана" және "350 мабулаторя" жобалары бойынша салынып жатқан денсаулық сақтау нысандарын уақытында аяқтауға шақырды.

"Елбасы әрқашан денсаулық сақтау саласына үлкен мән беріп отырады. Биылғы Жолдауда да бізге үлкен міндеттер жүктелді. "Қазақстан-2050" стратегиясында медицинаға байланысты айтылған дүниелер біраз уақыттан бері іске асырылып келеді. Алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек көрсету, сақтандыру медицинасындағы жағдайды сараптау. Барлық медициналық қызметкерлер Президент Жолдауын қолдайды және жүзеге асыруға дайын",-деді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны