05.05.2015, 18:55 6552

Жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін полиция қызметін құру қажет - Мемлекет басшысы

Жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру керек. Бүгін Ақордада қайта тағайындалған Үкіметтіӊ алғашқы кеӊейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесіндегі былықтарды сынға алды

Астана. 05 Мамыр. Kazakhstan Today - Жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру керек. Бүгін Ақордада қайта тағайындалған Үкіметтіӊ алғашқы кеӊейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесіндегі былықтарды сынға алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еске салайық, жиын барысында Елбасыныӊ сайлау алдында жариялаған бес халықтық реформасын жүзеге асыру мәселелері талқылануда, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Мемлекет басшысыныӊ айтуынша, жергілікті полиция қызметі қоғамдық тәртіпке, тұрмыстық қылмыстарға қарсы күреске жауап береді, жол полициясыныӊ қызметін де атқарады. "Біз бұл туралы көп айтып жүрміз, бірақ оған әлі барған емеспіз. Бәрін орталықта ұстап отырмыз. Ешкім жергілікті жерлерге қызметтерді бергісі келмейді. Дәл осы жергілікті полиция қызметі жергілікті қоғамдастықпен тығыз жұмыс істеп, ұсақ қылмыстарға "нөлдік төзімсіздікті" қалыптастыруы керек", -деді Н. Назарбаев.

Осы ретте Елбасы мысал ретінде Астананыӊ орталығындағы Жансая тұрғын үй кешенінде бір апта ішінде бір ғана кіреберісте сегіз пәтер тоналғанын тілге тиек етті. "Ал ұрыны ешкім таппайды. Бұл не деген полиция? Осындай жағдайда ұрлықтыӊ полициямен бірге жасалғаны туралы күдік те келеді", - деді Н. Назарбаев.

"Мұндай жағдайда азаматтарымыз өзін қауіпсіз сезіне ала ма? Ал әкімдік бұған жауаптан қашады, оған министрлік жауап беруі керек. Сондықтан да, Үкіметтіӊ жанынан, облыс әкімдіктерініӊ жанынан полиция қызметкерлеріне азаматтардыӊ шағымын қарайтын қоғамдық кеӊестер құрылуы керек", - деді Елбасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны