15.05.2013, 12:20 6934

Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды

Атап айтқанда, жергiлiктi халық маңызы бар мәселелердi өздері жиын өткізу арқылы шеше алады, сыртқы (көрнекi) жарнамадан түскен табыс аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтердің өз бюджетінде қалады, жергiлiктi маңызы бар өзектi мәселелерге бөлiнген бюджет қаржысын жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың тиiмдi пайдалануына жергiлiктi қоғамдастық мониторинг жүргiзіп отырады.

Астана. 15-мамыр. Kazakhstan Today - Мәжiлiсi депутаттары "ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" ҚР Заңының жобасын екiншi оқылымында мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, аталған заң жобасы 24-сәуiрде бiрiншi оқылымда мақұлданған болатын. Заң жобасын қолға алған жұмыс тобының депутаттары бірқатар түзетулер енгiздi.

Атап айтқанда, жергiлiктi халық маңызы бар мәселелердi өздері жиын өткізу арқылы шеше алады, сыртқы (көрнекi) жарнамадан түскен табыс аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтердің өз бюджетінде қалады, жергiлiктi маңызы бар өзектi мәселелерге бөлiнген бюджет қаржысын жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың тиiмдi пайдалануына жергiлiктi қоғамдастық мониторинг жүргiзіп отырады.

Бұдан басқа, заң жобасында жекелеген нормалар нақтыланып әрі жақсартылды.

"29-30 сәуiр күндерi Мәжiлiс депутаттары Ақмола, Қарағанды және Оңтүстiк Қазақстан облыстарына барып қайтты. Елiмiздiң аймақтарына жасалған сапарлардың қорытындысы бойынша 3-мамырда жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту және мемлекеттiк басқару органдары арасындағы өкiлеттiліктердiң аражiгiн ажырату мәселелерi бойынша отырыс өтiп, онда депутаттардың заң жобаларының жекелеген нормаларын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстары қаралды", - дейдi Экономикалық реформа және өңiрлiк даму комитетiнiң мүшесi Айгүл Соловьева.

Бұл құжат жобасы мүдделi министрлiктер, ведомствалар мен қоғамдық ұйымдар өкiлдерiнiң қатысуымен өткен жұмыс тобының он төрт отырысында, комитеттiң кеңейтiлген екi отырысында жан-жақты қаралып, талқыланған.

Мәжiлiстiң барлық комитеттерi заң жобасы бойынша қорытындыларын берiп, олардан жұмыс тобына 217 түзету келiп түскен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны