12.08.2026, 17:01 19701
Жеті саяси партияның төрағалары 19 тамызда қорытынды теледебат өткізеді
Достарға айту
Қазақстанда тіркелген жеті саяси партияның төрағалары Құрылтай сайлауы алдындағы қорытынды теледебатқа қатысады. Пікірсайыс 19 тамызда 24KZ телеарнасында өтеді, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы.
ОСК мүшесі Ләззат Сүйіндік дебат өтетін алаң мен оның форматы сайлау заңнамасының талаптары ескеріле отырып айқындалғанын мәлім етті. Барлық қатысушыға тең жағдай жасау негізгі қағидаттардың бірі болмақ.
"Оларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі қандай да бір саяси партияға немесе оның кандидаттарына артықшылық бермеуге тиіс. Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұсынысы бойынша "Хабар" агенттігі" АҚ-ның 24KZ телеарнасы қорытынды дебат өткізілетін алаң болып белгіленді", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.
ОСК мәлімдеуінше, 24KZ телеарнасы техникалық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктеріне, сондай-ақ ақпараттық қамту ауқымының кеңдігіне байланысты таңдалды.
Теледебат төрт раундтан тұрады: "Партияны таныстыру", "Оппоненттерге сұрақтар", "Көрерменден сұрақтары" және "Сайлаушыларға үндеу".
Тіркелген жеті саяси партияның төрағалары теледебатқа қатысатынын растады.
Бұған дейін қазақстандықтарға Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай білуге болатыны түсіндірілген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
08.09.2026, 18:48 866
Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі жаңа көмекшісі тағайындалды
Достарға айту
Эльдар Толғанбаев Қазақстан президентінің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Эльдар Толғанбаев 1981 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін және Қонаев атындағы университетті тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы бастап, Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Премьер-министр кеңсесінде, Орталық коммуникациялар қызметінде жұмыс істеген. "Алматы даму орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары және Almaty телерадиокомпаниясы бас директорының бірінші орынбасары лауахымдарынжа да қызметатқарған.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының жаңа басшысы тағайындалған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.09.2026, 13:58 5506
"Теңге" сөзінің жаңа жазылуы оқулықтар мен құжаттарда қолданылады
Достарға айту
Қазақстандағы оқулықтар, бағдарламалар және басқа да материалдар ұлттық валютаның жаңа жазылуына - "теңге" нұсқасына сәйкестендіріледі, деп мәлім етті ҚР оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкіметте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, тиісті өзгерістер Конституцияда қарастырылған. Олар орыс тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдарына, басылымдар мен оқулықтарға да қатысты болады, яғни оларда да "теңге" сөзінің жаңа жазылуы қолданылатын болады.
Оқу-ағарту министрлігінің басшысы осы мақсатта арнайы жоспар әзірленіп, бекітілгенін атап өтті. Осыған сәйкес баспа материалдарын қайта шығару кестесі белгіленіп, онлайн форматта қайта шығару мәселесі де қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.09.2026, 10:54 10326
Қазақстанның өзен-көлдері мен су қоймалары бірыңғай цифрлық жүйеге біріктірілді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанда Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі (СҰАЖ) іске қосылды. Онда қазірдің өзінде 23 мыңнан астам су нысаны туралы деректер жинақталған, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігінен.
Жүйе су нысандары, су шаруашылығы инфрақұрылымы, су пайдаланушылар және жерасты сулары туралы ақпаратты біріктіреді. Деректер еліміздің су ресурстарын басқару үшін пайдаланылады.
Бүгінде Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінде 23 мыңнан астам су нысаны туралы деректер цифрландырылып, жүйеленді. Оның ішінде 17 758 өзен, 3 148 көл және 1 207 гидротехникалық нысан бар.
СҰАЖ-да 3 мың ұйым мен 4 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген, су шаруашылығы және гидротехникалық нысандардың 9 мыңға жуық цифрлық паспорты енгізілген. Сондай-ақ 2,2 мыңнан астам бастапқы су есебі жөніндегі есеп пен 1,3 мыңнан астам 2-ТП нысанындағы есеп қабылданды.
"Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінің функционалы су балансын жүргізуді, су пайдалануды есепке алу мен талдауды, су қоймаларының жай-күйін мониторингтеуді, трансшекаралық су нысандары жөніндегі деректермен жұмыс істеуді, сондай-ақ ғарыштық мониторингті қамтиды. СРҰАЖ-ды енгізу экономиканың тұрақты дамуы мен еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін су ресурстарын басқарудың кешенді, көпдеңгейлі жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Сонымен қатар, Қазақстанда Су тұтынуды ерте болжау жүйесін тәжірибелік режимде іске қосылды. Ол каналдар арқылы су беру жөніндегі электрондық шарттар жасасуға, қызметтер ақысын онлайн төлеуге және су ресурстарының көлемін автоматты түрде есептеуге мүмкіндік береді.
Бүгінде келісімшарт жасасу процесі толықтай электронды форматқа көшірілді. Жыл басынан бері шаруалармен 29 мыңнан астам келісім жасалған.
Естеріңізге сала кетсек, 2027 жылдың 1 қаңтардан бастап Қазақстанда елді мекендерден тыс жерлердегі шекаралары әлі белгіленбеген су қорғау аймақтары мен белдеулеріне қойылатын талаптар автоматты түрде қолданыла бастайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.09.2026, 10:26 11846
Бектенов жаңартылған Үкіметтің міндеттерін анықтап берді
Бүгін Құрылтай сайлауынан кейінгі Үкіметтің алғашқы отырысы өтіп жатыр
Достарға айту
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов жаңартылған құрамдағы Үкіметтің алғашқы отырысында министрлерді озық қарқынмен жұмыс істеуге, шешімдерді жедел қабылдауға және нәтиже үшін толық жауапкершілікті өз мойындарына алуға шақырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Жаңа Конституция заңды күшіне еніп, мемлекетіміз саяси және экономикалық жаңғыруға қадам басқан тарихи кезеңде еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін бәріміз жан-жақты шараларды қабылдауға міндеттіміз. Барлық бағыт пен салалар бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүйелі әрі кешенді түрде жүзеге асыру қажет. "Заң мен Тәртіп" және "Таза Қазақстан" конституциялық қағидаттары әрдайым биік тұруы тиіс. Үкіметтің жұмысы кешенді шараларды қабылдай отырып, озық қарқынмен жүруі керек. Қазір толық жауапкершілікті мойнымызға алып, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті шешімдерді жедел қабылдайтын уақыт. Бәріміз Президенттің жоғары сенімін толығымен ақтауымыз керек", - деп мәлім етті Бектенов.
Естеріңізге сала кетсек, 28 тамызда Қазақстан Үкіметі жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатқан болатын.
31 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектеновті премьер-министр қызметіне тағайындады.
Үкімет мүшелерінің басым бөлігі өз қызметтерін сақтап қалды. Төрт ведомствоға жаңа басшылар тағайындалды: Сыртқы істер министрлігін Мұхтар Тілеуберді, Экология және табиғи ресурстар министрлігін Әлібек Қуантыров, Төтенше жағдайлар министрлігін Мұрат Мұханов, Мәдениет және ақпарат министрлігін Арман Қырықбаев басқарды.
Үкімет құрамында 25 адам бар: Премьер-министр, бес вице-премьер және 21 министрліктің басшысы. Екі министр бір мезгілде Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.09.2026, 09:47 12331
Қазақстан мен Қытай жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы келісімге келді
Достарға айту
Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунның Бейжіңде өткен келіссөздерінің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы келісге келді, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Бұл екі ел азаматтары үшін тиісті рәсімдерді жеңілдетіп, өзара сапарларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, екіжақты кездесу нәтижесінде екі елдің Үкіметтері арасында "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойылды.
Құжат екі елдің құзыретті органдарының өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға, туындайтын қатерлерге жедел ден қоюға және халықаралық орталық аумағында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетсек, 7 қыркүйекте Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Саденов Бейжіңге жұмыс сапарымен барып, "Орталық Азия - Қытай" форматындағы ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің кездесуіне қатысып, өңірлік қауіпсіздік, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына, киберқылмысқа және басқа да қазіргі заманғы қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.09.2026, 09:11 11706
Маңғыстауда қысқа дайындық аясында 500 шақырымнан астам электр желісі жаңартылды
Достарға айту
Маңғыстау облысында жылыту маусымына дайындық аясында 536 шақырым электр желісін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Қазақстанның Энергетика министрлігінен.
2026 жылы өңірде 536 шақырым электр желісін күрделі жөндеу жоспарланған болатын. Жұмыстар 100 пайыз орындалды.
Сондай-ақ мамандар екі қосалқы станция мен 77 энергетикалық нысанды, оның ішінде тарату пункттері мен трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеді.
Жылу желілерін жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл жоспарланған 11,4 шақырымның 8,96 шақырымы немесе 78 пайызы жаңартылды.
Өңірдегі электр станцияларында үш қазандық агрегатын күрделі жөндеу аяқталды. Қазір мамандар тағы бір қазандық пен үш турбинаны жөндеп жатыр.
Маңғыстау облысының энергетикалық нысандарын жылыту маусымына дайындау барысын Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменті бақылап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.09.2026, 17:20 24491
Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына миллионнан астам ағаш отырғызылмаған
Достарға айту
Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына 1 млн-нан астам ағаш отырғызу жөніндегі міндеттемелер орындалмаған. Заңбұзушылықтарды өңірдің мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы "Таза Қазақстан" экологиялық акциясының жүзеге асырылуын тексеру барысында анықтады, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
Соңғы жылдары уәкілетті органдар 100 мыңнан астам ағашты кесуге 307 рұқсат берген. Алайда берілген рұқсаттарда көзделген өтемдік ағаш отырғызу жұмыстары толық көлемде жүргізілмеген.
Ең көп заңбұзушылық Еңбекшіқазақ ауданында анықталған. Мұнда 120 рұқсат бойынша 63 мыңнан астам ағаш кесілген, алайда жаңа жасыл желектер отырғызу жөніндегі міндеттемелер толық орындалмаған.
Прокуратураның араласуынан кейін облыста 150 мыңға жуық ағаш отырғызылып, 11 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, билік облыстың жасыл қорына толық түгендеу жүргізіп, көгалдандыру жұмыстарын ғылыми сүйемелдеу мүмкіндігін қарастырады.
Естеріңізге сала кетсек, Оралда экологтар кесілген ағаштардың орнына отырғызылған өтемдік көшеттердің қурап қалғанын мәлімдеген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.09.2026, 16:10 28586
ШҚО жеті ауылдың әкімдері қоқыс қалдықтарына қатысты талаптарды бұзғаны үшін жаза арқалады
Жергілікті билікте тиісті экологиялық рұқсат болмаған
Достарға айту
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы жеті бірдей ауылдық округтің әкімдері экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды облыстық экология департаментінен.
Катонқарағай, Аққайнар, Ақсу, Белқарағай, Жамбыл, Коробиха және Үлкен Нарын ауылдарында жоспардан тыс тексеру жүргізілген.
Тексеру барысында жергілікті атқарушы органдарда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму үшін қажетті экологиялық рұқсаттар мен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындылары болмағаны анықталды.
Нәтижесінде ауылдық округ әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Экология департаменті сондай-ақ заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беріп, оларды орындау мерзімдерін белгіледі.
Естеріңізге сала кетсек, Ақтөбе облысында су айдындарында тыйым салу белгілерінің болмауына және тиісті рұқсатсыз жұмыс істеуге байланысты жеті ауылдық округтің әкімдері мен бес жағажай иелеріне айыппұл салынған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
08.09.2026, 09:47Қазақстан мен Қытай жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы келісімге келді 08.09.2026, 09:11 12246Маңғыстауда қысқа дайындық аясында 500 шақырымнан астам электр желісі жаңартылды08.09.2026, 10:26 11581Бектенов жаңартылған Үкіметтің міндеттерін анықтап берді08.09.2026, 10:54 10866Қазақстанның өзен-көлдері мен су қоймалары бірыңғай цифрлық жүйеге біріктірілді08.09.2026, 10:12 6911Еліміздің бес өңірінде бизнеске қолдау көрсету орталықтары өз жұмысын бастайды
03.09.2026, 17:22 82776Қалдықтарды өңдеу, төтенше жағдайлардан қорғау және жастар саясаты: жаңа министрлерге міндеттер жүктелді03.09.2026, 18:50 79546Тоқаев еліміздің СІМ жаңа басшысына негізгі міндеттерді айқындап берді04.09.2026, 20:49 70246Мадиев пен Binance негізін қалаушы Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуды талқылады04.09.2026, 10:08 66676Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды04.09.2026, 16:22 64496Тоқаев экология министріне қалдықтарды қайта өңдеу және ормандарды қалпына келтіру міндеттерін жүктеді
03.09.2026, 17:22 82776Қалдықтарды өңдеу, төтенше жағдайлардан қорғау және жастар саясаты: жаңа министрлерге міндеттер жүктелді03.09.2026, 18:50 79546Тоқаев еліміздің СІМ жаңа басшысына негізгі міндеттерді айқындап берді04.09.2026, 20:49 70246Мадиев пен Binance негізін қалаушы Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуды талқылады04.09.2026, 10:08 66676Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды04.09.2026, 16:22 64496Тоқаев экология министріне қалдықтарды қайта өңдеу және ормандарды қалпына келтіру міндеттерін жүктеді

