17.07.2014, 21:12 3202

Жезқазған - Петропавл автомобиль жолы учаскесін орташа жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқталады - ККМ

Бүгінде Жезқазған - Петропавл автокөлік жолы бөлігінің қалған 3,6 шақырымын 1 қыркүйекке дейін бітіріп, жол бөлігін мерзімінен бұрын пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр, - деп Көлік және коммуникация министрлігінен хабарлады.

Алматы. 17 шілде. Kazakhstan today. Бүгінде Жезқазған - Петропавл автокөлік жолы бөлігінің қалған 3,6 шақырымын 1 қыркүйекке дейін бітіріп, жол бөлігін мерзімінен бұрын пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр, - деп Көлік және коммуникация министрлігінен хабарлады.

Қазіргі таңда 5,4 шақырым бөлігінде барлық жұмыстар аяқталды, оның ішінде, ескі жол төсемі алынып, 42 мың шаршы метр көлемінде асфальт жамылғысын төсеуге әзірленді, бес мың тоннадан астам асфальт-бетон қоспасы төселді. Айта кетерлік жайт, аталған жолдың 710-719 шақырымдарындағы ұзақтығы 9 шақырым бөлігін орташа жөндеу суық ресайклинг технологиясымен жасалды.

Суық ресайклинг технологиясы - бұл қолданыстағы жол жамылғысының материалын ұсатып, сол жерде тұтқыр және тас өнімді материалдармен араластыру арқылы оның физика-механикалық қасиеттерін жақсартып, оларды нығыздап төсеп, тиісті параметрлерге келтіріп қайта қолдану технологиясы.

Суық ресайклинг технологиясы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы жол техникасы қажет. Осы учаскедегі жұмысқа 23 техника және 38 жұмысшы тартылды, делінген хабарламада.

Осы технологияны қолданып орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу автожол бөлігінің пайдалану жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны