25.07.2017, 21:20 4273

Жезқазғанда аурухана қалашығы қайта қалпына келтіріліп, балабақшаларға кезек жойылады

Жезқазған қаласында жаӊа мектеп және балаларға арналған нейро оӊалту орталығы ашылады. Ол жайлы Жезқазған қаласы активініӊ отырысында мәлімделді. Жиналыс барысында шаһардыӊ 2017-2019 жылдарға арналған даму жоспары ұсынылды.

Қарағанды. 25 шілде. Kazakhstan Today - Жезқазған қаласында жаӊа мектеп және балаларға арналған нейро оӊалту орталығы ашылады. Ол жайлы Жезқазған қаласы активініӊ отырысында мәлімделді. Жиналыс барысында шаһардыӊ 2017-2019 жылдарға арналған даму жоспары ұсынылды.

Жезқазғанныӊ үш жылдық даму жоспары аймақ басшысыныӊ тапсырмасы бойынша қала әкімдігімен және облыс басқармаларымен бірігіп құрылған болатын.

Аталмыш құжат жалпы сомасы 75,7 млрд теӊгені құрайтын 453 шараны қарастырады. Қаржыландыру республикалық және облыстық бюджеттерден, қала қазынасынан, сондай-ақ бюджеттен тыс жұмылдырылады.

Жоспарға сай 2017-ші жылы 11,6 млрд теӊге, 2018 және 2019 жылдары 25,7 және 38,4 млрд теӊгеден сәйкесінше жұмсалады.

Жоспарды жүзеге асыру облыс экономикасыныӊ да өсуіне септігін тигізеді деп күтілуде.

3 жыл аралығында өнеркәсіп өндірісі 13,2%-ға ұлғаюы тиіс. Экономикалық өсім жалпы инвестиция көлемі 21 млрд теӊгені құрайтын "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС өндірісін жаӊғырту және қайта қалыпқа келтіру есебінен өседі деп күтілуде. Сондай-ақ экономиканыӊ көтерілуіне 2,5 млрд теӊгеге жүзеге асырылатын алты жоба да септігін тигізеді.

Тұрғын үйлерге қосылатын 36,4 шақырым коммуникациялар салынып, 44,7 мыӊ шаршы метр тұрғын үй салынады. Оныӊ 6,4 мыӊ шаршы метрі - коммерциялық баспана, ол кезекте тұрғындардыӊ санын 13%-ға қысқартады. 267 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі.

Сауда, қызмет көрсету, туризм салалары бойынша 3 млрд теӊгеден астам инвестициялық қаражатқа 28 жаӊа инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. Соныӊ арқасында 219 жаӊа жұмыс орындары пайда болады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына келер болсақ, Жезқазған ЖЭО жаӊа турбоагрегатын іске қосу, жылу жүйелерін жаӊғырту және қайта қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл шаралар электр энергиясын өндіруді ұлғайтып, жылыту жүйелеріндегі жылуды жоғалту көрсеткіштерін 11%-дан 17,3%-ға дейін төмендетеді.

Илеуметтік саланы дамытуға да баса назар аударылуда.

Жоспар бойынша 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету қарастырылған. Жаӊа білім беру мекемелері пайда болады. Ол қосымша 1455 орын.

Биылғы жылдыӊ өзінде Жезқазғанда 250 орындық облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат ашылмақ. Аталмыш білім ордасы әзірге қаладағы бір мектептіӊ ішінде орналасады. Ал 2018 жылы ол үшін жаӊа ғимарат салу жоспарда тұр. Облыс әкімі Ерлан Қошанов жобамен және құрылыс жұмыстары жүргізілетін орынмен танысып қайтты.

- Меніӊше жобаны қайта қарап шығу керек, - деп өз ойын білдірді аймақ басшысы. - Еӊ бастысы балалардыӊ жүріп-тұруы ыӊғайлы болуы тиіс. Мүмкін қала ішінде басқа жерлерді қарастырарсыздар?

Мектептіӊ құрылысына 3,5 га жер қажет. Алайда қазіргі таӊда осындай үлкен аумақ тек жобада белгіленген жерде ғана болып тұр. Ғимарат 900 оқушыға шақталған. Құрылыс жұмыстары 2019-шы жылы аяқталады деп күтілуде.

Денсаулық сақтау саласында да оӊ өзгерістер күтілуде. Жезқазғанныӊ үш жылдық даму жоспарында емханалар мен ауруханалар қажетті жақбықтармен және медициналық құралдармен 75%-ға дейін қамтылатыны көрсетілген. Санитарлық автопарк 100% жаӊартылады. Аурухана қалашығы қайта қалпына келтіріліп, Орталық аурухана және Балалар үйі, Облыстық наркологиялық диспансердіӊ бөлімі және Жезқазған қалалық емханасыныӊ бас корпусы күрделі жөндеуден өткізіледі,

Мемлекеттік - жеке меншік серіктестік шеӊберінде орталық аурухананыӊ ғимаратында балалар нейро оӊалту орталығы ашылады. Онда жылына 1000 бала сауықтыру емін ала алады.

Жезқазғанда сондай-ақ жүзу бассейні бар денешынықтыру-сауықтыру кешенін салу, бірнеше балалар-жасөспірімдерге арналған дене дайындығы клубтары ашу жоспары бар. Салауатты өмір салтын насихаттау бағытында алдағы 3 жыл аралығында мұнда жеӊіл атлетикалық эстафеталар, веложарыстар мен жартылай марафондар өткізу көзделіп отыр. 55% до 85%.

Жақсы және қанағаттанарлық деӊгейдігі жергілікті маӊыздылығы бар автомобиль жолдарыныӊ үлесі Жезқазғанда 55%-дан 85%-ға дейін ұлғайтылады.

- Егер біз біртіндеп осы жоспарды ұстанып, алға жылжысақ, бұл шаралар жақсы көрсеткіштерге жеткізеді, - деп есептейді облыс әкімі Ерлан Қошанов. - Қазірдіӊ өзінде жолдардыӊ жақсарғаны көрініп тұр. Келесі жылы да біз осы қалыппен әрі қарай жөндеу жұмыстарын жалғастыратын боламыз. Маған жезқазғандықтар өздерін шалғайда қалғандай сезінбегені маӊызды. Біз бұл жоспарда аймақ үшін маӊызды және әлеуетті шараларды қарастырдық.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны