17.07.2026, 14:41 95246

ЖИ дамыту әскери бәсекеге емес, бейбітшілік қағидаттарына негізделуі қажет - Тоқаев

Ол тараптардың барлығын жасанды интеллект стандарттары мен этикасын реттейтін тұрақты сарапшылық платформа құруға шақырды
ЖИ дамыту әскери бәсекеге емес, бейбітшілік қағидаттарына негізделуі қажет - Тоқаев
Бұл орайда жасанды интеллектіні дамыту ісі өзара текетірес пен әскери бәсекеге емес, бейбітшілік пен тұрақты даму қағидаттарына негізделуі қажет. Бұл туралы Қазақстан президенті Шанхайда өтіп жатқан Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда (WAIC) сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

"Мен Ұйымға мүше мемлекеттер мен мүдделі тараптардың барлығын жасанды интеллект стандарттары мен этикасын реттейтін тұрақты сарапшылық платформа құруға шақырамын. Сайып келгенде, ЖИ-дің болашағын адамдар айқындайды. Сондықтан алдағы уақытта аталған саланы жетік меңгерген мамандарға сұраныс күшейеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Оның пайымдауынша, жастарды цифрлық машықтарды игеруге, сыни ойлауға, ізденімпаздыққа және жоғары этикалық жауапкершілікке баулу керек.

"Осыған орай Қазақстан Дүниежүзілік Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық ұйымы аясында халықаралық мектептер желісін, озық тәжірибе орталықтарын және академиялық серіктестік құруды ұсынады", - деп мәлімдеді президент.


Сөзін қорыта келе, Мемлекет басшысы еліміздің бейбітшілікті сақтау, орнықты даму және жан-жақты өркендеу жолында жасанды интеллектінің әлеуетін пайдалануға ниетті барша серіктестермен нәтижелі ықпалдастық орнатуға дайын екенін жеткізді.

Бұған дейін Тоқаев АИ-ді толыққанды инфрақұрылымы бар салаға айналдыру туралы мәлімдеген болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны