14.07.2014, 20:27 3222

"Жібек жолы" Халықаралық фестивалі "Астана-опера" сахнасында өтеді

Астанада 17 қыркүйек пен 5 қазан аралығында "Астана Опера" алғашқы "Жібек жолы" Халықаралық фестивалін өткізеді. Елорда театрының сахнасында Италия, Франция, Қытай, Ресей және Қазақстаннан келген опера және балет жұлдыздары өнер көрсетеді.

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan today. Астанада 17 қыркүйек пен 5 қазан аралығында "Астана Опера" алғашқы "Жібек жолы" Халықаралық фестивалін өткізеді. Елорда театрының сахнасында Италия, Франция, Қытай, Ресей және Қазақстаннан келген опера және балет жұлдыздары өнер көрсетеді.

Фестиваль аясында "Ла Скала" театрының түпнұсқадағы қойылымы - қиялы сарқылмайтын режиссер Лука Ронконидің нұсқасындағы "Тоска" операсы, С. Прокофьевтің "Ромео мен Джульетта" балеті көрермен назарына ұсынылады. Ромео рөліне Роман Михайлов (Франция) шақыртылса, Джульеттаны Мәдина Баспаева (Қазақстан) сомдайды. Сондай-ақ, М. Төлебаевтың "Бiржан-Сара" операсы да көрермен назарына ұсынылмақ, деп хабарлайды "Астана-опера".

Атақты Абай ат. МАОБТ фестивальға П. Чайковский, А. Шнитке және Ж. Бизенің музыкасына жазылған Б. Эйфманның "Қызыл Жизель" балетін әкелсе, Ұлттық Қытай театры (ҚХР) Қытайдың бірегей ұлттық мәдениетін, атап айтқанда, оның опера және балет өнерін, сондай-ақ қызықтыратын халық әндері мен би қойылымдарынан тұратын концерт ұсынады.

Айта кетерлік жайт, фестиваль шеңберінде КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың 85 жылдық мерейтойына арналған "Сүю, үміттену және сену" атты бенифисі өтеді.

Сонымен қатар, алғаш рет Орта Азияда аты аңызға айналған Мариинский театрының жауап ретіндегі гастролі өтіп, ресейлік театр Р. Вагнердің "Нибелунг сақинасы" тетралогиясын екі бөлімде ұсынады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны