25.07.2008, 19:35 3012

Жыл аяғына дейін ҚР түзету мекемелерінде қосымша 3 мың жұмыс орны ашылады

Жыл аяғына дейін ҚР түзету мекемелерінде қосымша 3 мың жұмыс орны ашылады

Астана. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Жыл аяғына дейін ҚР түзету мекемелерінде қосымша 3 мың жұмыс орны ашылады. Бұл туралы бүгін ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовке ҚР Иділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің стратегиялық жоспарының жобасын таныстыру барысында ҚР әділет министрі Зағипа Балиева мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, жыл басынан бері Қазақстанның түзету мекемелерінде үш зауыт пайдалануға беріліп, 14 мың 446 жұмыс орны құрылған.

"Түзету мекемелеріндегі өндіріс бәсекеге қабілетті. Біз оларды өндіруге Ресейден өтініш алдық және осы сала бойынша Ресейдің қылмыстық-атқару комитетімен өзара ықпалдасу туралы келісім жасастық", - деп атап көрсетті министр.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін түзету мекемелерінде тағы да 5 өнеркәсіп орындарын ашу жоспарланып отыр. "Ақмола облысында кірпіш зауыты, Қызылорда облысында тағы бір зауыт іске қосылады", - деп толықтырды әділет министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны