29.04.2008, 12:26 2509

Жыл басынан Астаналық полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 53 келі есірткі затын тәркіледі-Ішкі істер департаменті

Жыл басынан Астаналық полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 53 келі есірткі затын тәркіледі-Ішкі істер департаменті

Астана. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Жыл басынан Астаналық полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 53 келі есірткі затын тәркіледі. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Астана ІІД есірткімен күрес жөніндегі басқармасының бастығы Аясын Байгелдаев құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жыл басынан бері есірткіге қатысты 73 қылмыс ашылып, оның 59 есірткінің заңсыз сауда- саттығымен байланысты болды. Осы уақыт аралығында заңсыз айналымнан 53 келі есірткі заты тәркіленді ", - деді А. Байгелдаев.

Ол атап өткеніндей, осы уақыт ішінде " Астананың ІІД есірткімен күрес жөніндегі басқармасы 116 алдын алу шарасын өткізіп, соның ішінде "дөңгелек үстелдерді", акциялар мен семинарларды, лекциялар, түрлі спорттық шараларды ұйымдастырды ".

Полиция қызметкерлері хабарлағанындай, биылғы жылдың 16 сәуірінде "Наркощит" шұғыл алдын алу шараларын өткізу кезінде " Астанаға жеткізілетін героиннің тағы да бір арнасына тосқауыл қойылды ". ІІД ЕКБ қызметкерлері есірткі затын жеткізіп оның саудасымен айналысқан Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғынын қолға түсірді. "Ол адамнан оңтүстік Қазақстаннан әкеліп, оны Астанада одан әрі сатуға арналған 4,5 келі героин табылып тәркіленді ", -деп атап өтті А. Байгелдаев.

Есірткі заты біздің елімізге негізінен Тәжікстан және Өзбекстаннан жеткізіледі. Шұғыл мәліметтер бойынша бір грамм героиннің құны 4 мың теңге тұрады, деп хабарлады полиция қызметкері журналистердің сауалына жауап бере отырып.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны