20.10.2017, 18:33 7064

Жыл басынан бері 630 мыӊнан астам қазақстандыққа әлеуметтік төлем берілді

Ағымдағы жылдыӊ 9 айында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 115,7 млрд теӊге көлемінде төлем жасады.

Астана. 20 қазан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 9 айында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 115,7 млрд теӊге көлемінде төлем жасады.

140,8 мыӊ азамат жүктілік пен босануға, бала асырап алуға байланысты әлеуметтік жәрдемақы алды. Мұндағы төлемніӊ жалпы сомасы 48 млрд теӊгені құрап, орташа есептегенде бұл қаржы әр адамға 333 мыӊ теӊгеден келді.

Баланыӊ бір жасқа дейінгі күтіміне 53 млрд теӊге қарастырылып, аталған бағытта 350 мыӊнан астам адам әлеуметтік қолдауды иеленіп, төлемніӊ орташа деӊгейі 24 мыӊ теӊгеден асты.

Еӊбекке қабілетін жоғалтқан жандарға жұмсалған 7,4 млрд теӊге жан басына 12 мыӊ теӊгеден есептелді.

Асыраушысынан айырылған тараптарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған қаржы сомасы, орташа алғанда, 15 мыӊ теӊгеден белгіленіп, аталмыш әлеуметтік көмек түрін жалпы 5,8 млрд теӊгеге 38 мыӊнан астам қазақстандық еншіледі. Жұмыссыз қалған кездегі әлеуметтік қолдаумен орташа деӊгейі 18 мыӊ теӊгеден 1,5 млрд теӊге көлемінде 26 мыӊ адам қамтамасыз етілді.

Еске сала кетсек, елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру әдісі, тәуекел ахуалы туындағандағы халықтыӊ жұмысшы табын әлеуметтік қорғаудыӊ қосымша тетігі ретінде енгізілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны