27.06.2007, 18:51 2982

Жыл басынан бері 6 мыңнан астам заңсыз мигрант елімізден шығарылды

АСТАНА. 27 -маусым. Kazakhstan Today. Жыл басынан бері 6302 заңсыз мигрант елімізден шығарылып, 58 097 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгін Республиканың Ішкі істер министрлігінде вице-министр Алик Шпекбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте осындай мәліметтер келтірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанға сырттан заңсыз келушілердің санын жоғары деңгейде қысқарту үшін министрлік ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы кешенді шараларды қолдануда", -деп түсіндіреді баспасөз қызметіндегілер. Атап айтсақ, "Мигрант", "Граница", "Нелегал" атты арнаулы шаралар ұйымдастырылып, шетелдіктердің елге келуі, елімізде болуы мен кетуін қадағалаудың біртұтас ақпараттық жүйесі енгізілді. "Жамбыл облысының Қордай ауылының аумағында ІІМ-нің заңсыз көші-қон арналарын жабу жөніндегі уақытша штабы жұмыс істеуде", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны