13.12.2007, 18:17 2909

Жыл басынан бері Астана қалалық ІІД-нің 8 қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталды

Жыл басынан бері Астана қалалық ІІД-нің 8 қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталды

Астана. 13 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Жыл басынан бері Астана қалалық ІІД-нің 8 қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталды. Бұл туралы Астана қалалық прокурорының орынбасары Болат Дембаев бүгін өткен брифингте хабарлады.

"Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметкерлердің үлесі Астана қалалық ІІД-не тиіесілі болып, онда 8 қызметкер сотталды", - деді Б. Дембаев.

Сонымен бірге, оның айтуынша, жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшінАстана салық комитетінің 4, әділет департаментінің 2, сот үкімін орындаушы 2, екі судья мен түзету мекемесінің 1 бастығы сотталған.

"Астана қалалық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің бір, "Астана- жаңа қала" кеденінің бір, қаржылық бақылау басқармасының бір қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Б. Дембаевтың айтуынша, ағымдағы жылы Астанада "сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жүктелетін жаза күшейтілді". "Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деп айыпталған адамдардың жалпы санының 54%-і сотталды". Прокурор орынбасарының айтуынша, сотқа тартылған 22 адамның 12-сі тікелей бас бостандықтарынан айрылды, оларға қатысты айыптау үкімі шығарылды, "қалғандары сынау мерзімімен шартты сотталды".

Сонымен бірге, Б. Дембаевтың айтуынша, ағымдағы жылы қаржылық бақылау шараларын бұзғаны үшін, прокурорлық тексеру актілері бойынша мүлкі жайлы ақиқат декларация тапсырмаған немесе оны уақытылы тапсырмаған 80 мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны