19.05.2008, 20:01 2894

Жыл басынан бері Астанада алаяқ құрылыс компанияларына қатысты 18 қылмыстық іс қозғалған - қаржы полициясы

Жыл басынан бері Астанада алаяқ құрылыс компанияларына қатысты 18 қылмыстық іс қозғалған - қаржы полициясы

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Жыл басынан бері Астанада алаяқ құрылыс компанияларына қатысты 18 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында қалалық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) басшысы Абзал Кәрімов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"2008 жылы Астанада 18 қылмыстық с қозғалды", - деді А. Кәрімов. Бұл ретте ол 2006 жылы 50 қылмыстық іс, ал өткен жылы 228 қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті. Осы уақыт ішінде құрылыс компанияларының алаяқтық іс-әрекеттерінен 2031 үлескер зардап шеккен. "Оларға келтірілген шығын көлемі 2 млрд 957 млн 337 мың 467 теңгені құрайды", - деп хабарлады елорданың қаржы полициясының басшысы.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қалалық департамент жеті құрылыс компаниясының басшысына қатысты қылмыстық істер қозғаған. Атап айтқанда, бұл "Фабрика недвижимости", "Kazakstan Invest Group-A", "НСК", "Бразерс компани", "Дубай строй Холдинг", "БИМ - 2006", "Массара" секілді жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басшылығына қатысты.

"Бұдан өзге департамент өндірісінде "Думан строй", "Азбука жилья Новостройки", "Ақ ауыл" корпорациясы, "Азия Групп" пен "Стройкласс" сияқты құрылыс компанияларына қатысты үлескерлердің ұжымдық арыздарын тергеуге дейінгі тексеру материалдары жатыр", - деп түсіндірді А. Кәрімов.

Ол сондай-ақ, қазір құқық қорғау органдарының өкілдері тұрғын үй құрылысы саласындағы алаяқтық әрекеттерге қатысы бар 7 адамды іздестіру үстінде екенін хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны