15.08.2006, 17:34 2976

Жыл басынан бері елімізде 15 тоннадай есірткілік заттар айналымнан шығарылды

АСТАНА. 15-тамыз. Kazakhstan Today. Ағымдағы жылдың 7 айында ҚР ІІМ-нің есірткі саудасымен күрес бөлімшелері 15 тоннадай есірткілік заттарды айналымнан шығарды. Бұл туралы ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес және есірткі айналымын қадағалау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Қарабеков бүгін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"15 тоннадай есірткілік заттар тәркіленді. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 3 тоннаға артық. Соның ішінде 115 килограм героин тәркіленді",- деді Н.Қарабеков.

Сонымен бірге, оның мәліметіне сәйкес, "ҚР ІІМ-нің есірткі саудасымен күрес бөлімшелері 5,5 мың қылмыстың бетін ашты, есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдауға қатысты 131 дерекке тосқауыл қойылды".

"2006-жылдың 7 айында есірткі сатумен шұғылданатын аймақаралық және мемлекетаралық байланыстары бар 9 ұйымдсқан қылмыстық топ жойылды",- деді комитет төрағасының орынбасары.

"Жыл басынан бері есірткі сатқаны үшін Ресей, тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан сынды елдердің 70 азаматы жауапкершілікке тартылды",- деді ол.

Сонымен бірге, Н.Қарабековтың айтуынша, "ағымдағы жылдың 7 айында көңіл көтеру орындарында есірткі тұтынуға қатысты 49 дерек әшкереленіп, заңсыз айналымнан 2 килограмнан астам түрлі есірткілік заттар шығарылды". "Биыл есірткі тұтыну деректері әшкереленген 13 клубтың қожайынынан кәсіпкерлікпен шұғылдануға құқық беретін лицензиясын қайтарып алуға бастама көтерілді",- деді ол.

ҚР денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, денсаулық сақтау органдарында есірткі тұтынатын 54,5 мың адам тіркеуде тұр. Олардың арасында 4 мың адам - кәмелеттік жасқа жетпегендер мен әйелдер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны