20.04.2015, 20:28 3548

Жыл басынан бері қарай Алматыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты өсіп келеді

"Қала әкімдігі Даму қорымен меморандум жасаған болатын, соныӊ арқасында алматылық бизнес қосымша несие ресурстарына қол жеткізе алады. Бүгінде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудыӊ өзіміздегі барлық көздерін пайдалану өте маӊызды", - деп атап өтті әкім.

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы әкімдігінде мегаполистіӊ 2015 жылдыӊ бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қаӊтар-наурыз айларында бірде-бір сала көрсеткіші төмендеген емес. Осы кезеӊ ішінде сауда мен көлік қызметі, құрылыс, байланыс және басқа да салалар айтарлықтай өсті. Өнеркәсіп саласында жалпы сомасы 157,1 млрд. теӊгеніӊ өнімі шығарылды, бұл өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 1,9%-ға көп. Өӊдеу өндірісінде өнім шығару 9,3% артты, деп хабарлайды almaty.gov.kz тілшісі.

Инвестиция тартуда, ШОБ секторын несиелеуде оӊ тренд байқалады.

"Қала әкімдігі Даму қорымен меморандум жасаған болатын, соныӊ арқасында алматылық бизнес қосымша несие ресурстарына қол жеткізе алады. Бүгінде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудыӊ өзіміздегі барлық көздерін пайдалану өте маӊызды", - деп атап өтті әкім.

Тұрғын үй құрылысында да алға жылжушылық байқалады. Мысалы, биылғы жылдыӊ алғашқы тоқсанында 479,0 мыӊ шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 2,1% көп. Құрылыстыӊ негізгі үлес салмағы (78,4%) жеке меншік компанияларға тиесілі. Жыл аяғына дейін құрылыс саласыныӊ қарқынына "Нұрлы жол" бағдарламасы оӊ ықпал етпек, өйткені осы бағдарлама аясында 2015 жылы тұрғын үй құрылысына 10 млрд. теӊге бөлінетін болады.

Бүгін әкім берген тапсырмалардыӊ арасындағы маӊыздылары - әлеуметтік мәні бар тауарлар бағасына мониторинг жүргізуді одан әрі жалғастыру, жыл аяғына дейін инфляция деӊгейін 8% дәлізінде ұстау, жұмыс орындарын құру резервтерін іздестіру, "жасыл" көліктіӊ үлесін артыру саясатын жалғастыру

"Мемлекет басшысы өткен аптаныӊ аяғында жасаған жұмыс сапарыныӊ барысында Алматыныӊ дамуына жақсы бағасын берді. Бұл біз үшін қолжеткен масайрау емес, бұрынғыдан да барынша тиімді жұмыс істеуге негіз болуы тиіс", - деп қорытындылады сөзін Ахметжан Есімов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны