21.06.2006, 17:12 2944

Жыл басынан бері Қазақстанда ұйымдасқан есірткі сатушы алты топ құрықталды - ҚР ІІМ-нің орынбасары

АСТАНА. 21-маусым. Kazakhstan Today. Жыл басынан бері Қазақстанда ұйымдасқан түрде есірткі саудасымен шұғылданып келген алты топ құрықталды. Бұл туралы бүгін “Нашақорлыққа қарсы жабыла күресейік” атты медиафорум барысында ҚР ІІМ-нің орынбасары, есірткі саудасымен күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы Анатолий Выборов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

ҚР ІІМ-нің орынбасарының айтуынша, осы мерзімде елімізде 3,7 тонна түрлі есірткілік заттар, соның ішінде 110 килограмнан астам героин заңсыз айналымнан
шығарылды. “Жыл басынан бері елімізде есірткі контрабандасына қатысты 97 дерек әшкереленді. Бұл былтырғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 13 процент артық”,- деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны