03.09.2007, 17:43 2878

Жыл басынан бері құқық қорғау органдары 14 тоннадан астам есірткі тәркілеген

Жыл басынан бері құқық қорғау органдары 14 тоннадан астам есірткі, соның ішінде 120 кг героин мен апиын тәркілеген.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. АСТАНА. Жыл басынан бері құқық қорғау органдары 14 тоннадан астам есірткі, соның ішінде 120 кг героин мен апиын тәркілеген. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын қадағалау комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, үстіміздегі жылдың 8 айында республика бойынша 6869 есірткі қылмысы тіркелген, олардың 135 дерегі контрабанда.

Есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын қадағалау комитеті жыл басынан бері жүргізілген ірі көлемдегі іс-шаралар нәтижесінде есірткі тасымалының 171 арнасын анықтап жойған, олардың 14-і халықаралық арналар.

"Есірткіге байланысты қылмыс жасағаны үшін 111 шетел азаматы ұсталған, заңсыз есірткі айналымымен айналысқан жеті ұйымдасқан қылмыстық топ анықталып, жойылды. Есірткі қылмысымен айналысатын топтардың жеті жетекшісі мен 22 қатысушысы қылмыстық жауапқа тартылған",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны