18.09.2007, 17:52 3171

Жыл басынан бері Павлодар облысында билік өкілдеріне 26 күш қолдану дерегі тіркелген

Жыл басынан бері Павлодар облысында билік өкілдеріне 26 күш қолдану дерегі тіркелген.

Павлодар. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Жыл басынан бері Павлодар облысында билік өкілдеріне 26 күш қолдану дерегі тіркелген, аталмыш деректер бойынша қылмыстық істер қозғалған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Павлодар облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ішкі істер департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Мақсат Ешмұратовтың айтуынша, көбінесе учаскелік инспекторлар мен патруль және пост қызметтің қызметкерлері азаматтардың заңсыз әрекеттердің құрбаны болған. Яғни, қыркүйектің басынан бері патрульдік қызметтің қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерін атқару кезінде оларға бағынбауға қатысты төрт дерек тіркелген.

"Қазіргі күнде қыркүйекте болған төрт дерек тергеліп жатыр, ал басқа істерге тоқталсақ, 12 іс бойынша сот мәжілістері аяқталған; 10 материал сотқа жіберіледі; көбісі істі "реттеп" айыптарын жуып-шайғысы келеді, бірақ айыптылардың жазадан құтылуына жол жоқ екендігіне кепілдік беремін",- деп атап өтті М. Ешмұратов.

Оның айтуынша, қазір уақытша тергеу изоляторында 26 және 19 жас аралығындағы үш жас жігіт қамауда отыр, олар 16-қыркүйекте әскери бөлімнің әскери қызметкерлерімен бірге патрульге шыққан полиция қызметкеріне шабуыл жасаған. Полицейлердің айтуынша, үш жігіт өздерін тоқтатпақ болған кезде, полиция сержантының пагоны мен "Патрульдік қызмет" кеуде белгісін жұлып алып, оны соққыға жығып, қылқындырмақ болған. Ұсталғандарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 321-бабы бойынша (билік өкілдеріне күш қолдану) айып тағылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны