09.11.2007, 16:25 3321

Жыл басынан бері Павлодар облысының түрмелерінде 4 сотталушы өзін өзі өлтірген

Жыл басынан бері Павлодар облысының түрмелерінде 4 сотталушы өзін өзі өлтірген, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Павлодар облысының қылмыстық-құтқару жүйесі комитетінің басқармасына сілтеме жасап.

Павлодар. 9-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Жыл басынан бері Павлодар облысының түрмелерінде 4 сотталушы өзін өзі өлтірген, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Павлодар облысының қылмыстық-құтқару жүйесі комитетінің басқармасына сілтеме жасай отырып.

Басқарма ақпараттарына сүйенсек, соңғы рет өзін өзі өлтіру дерегі 3-қарашада АП 162/2 түрмесінде тіркелген. "Кешкі тексеру кезінде отрядтардың бірінде бір жас жігіт болмай шыққан. Біз тазалық заттарын сақтайтын қосалқы бөлмеден асылып тұрған сотталушыны тауып алдық, өкінішке орай оны құтқару мүмкін болмады",- деп хабарлады АП 162/2 түзету мекемесінің бастығы Серік Мұстафин.

Оның айтуынша, түрме қызметкерлері де, Павлодардың Оңтүстік ІІО қызметкерлері де, прокуратура қызметкерлері де сотталғанның денесінен күш көрсету ізін таппаған. Полковник С. Мұстафин, өзіне өзі қол жұмсауға сотталған азаматтың өзінің күйзелісі себеп болған деген болжам жасап отыр. Жігіт сот тағайындаған 11 жыл мерзімінің 6 жылын өтеген. Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабының 2-тармағы (адам өлтіруге қатысу) мен 179-бабының 2-тармағы (қару қолданып қарақшылық шабуыл жасау) бойынша сотталған болатын.

Павлодар облысының қылмыстық-құтқару жүйесі комитетінің басқармасы бастығының орынбасары Виктор Жамулдинов сондай-ақ алдын ала жасалған болжамды растап отыр. Оның айтуынша, қазір сотталғанның денесі Павлодар облысында тұратын туыстарына берілген.

Бұл үстіміздегі жылдағы АП 162/2 түзету мекемесіндегі осы тектес үшінші оқиға, алғаш рет 2 өзін өзі өлтіру дерегі шілдеде тіркелген болатын. 2006 жылы Павлодар облысының түрмелерінде осы тектес 3 дерек тіркелген болатын.

Павлодар облысының түзету мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі арнаулы прокурор Мұрат Ибдірашитов: "Бұл түрме мен облыстың барлық түзету мекемелерінде ешқандай қиын жағдайлар жоқ, тек түрме басшысы сотталғандардың бос уақыттарын өткізуіне қойылатын бақылауын қатайтуы керек, бұл өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алуға көмектеседі", деп хабарлады.

Ол, қазірде АП 162/2 мекемесінде тергеу және тексеру жұмыстарының әлі жалғасып жатқандығын атап өтті.

"Естеріңізге сала кетейік, алғашқы 2 өзін өзі өлтірудің өз себептері болған, біріншісі - еркекті өзінің әйелі тастап, барлық мүлкін алып кеткен болатын, ал екіншісінде - жас жігіттен өзінің отбасы бас тартқан, ал 3-қарашадағы өзін өзі өлтіру дерегінің де нақты себебін анықтаймыз деген ойдамын",- деп хабарлады М. Ибдірашитов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны