28.10.2009, 16:06 3115

Жыл басынан бері шикі мұнайдың контрабандасынан келген шығын көлемі 2 млрд 481,5 млн теңгені құрады

Жыл басынан бері шикі мұнайдың контрабандасынан келген шығын көлемі 2 млрд 481,5 млн теңгені құрады

Астана. 28 қазан. Kazakhstan Today - Жыл басынан бері шикі мұнайдың контрабандасынан келген шығын көлемі 2 млрд 481,5 млн теңгені құрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мұнай мен мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен шығару мемлекетке айтарлықтай залал келтіруде. Шикі мұнайдың контрабандасы фактілерімен жылдың басынан қозғалған қылмыстық істер бойынша залал сомасы 2 млрд 481,5 млн теңгені құрады",- деді М.Жұманбай.

Оның айтуынша, "мысалы, Ақтөбе облысында ұйымдасқан топтың қылмыстық қызметінің жолы кесілді. Топтың құрамына "КНПЗ-Трейд" ЖШС басшылары және кедендік бақылау департаментінің қызметкері кірген. Бірінші саты сотымен мүлкін тәркілеумен 6 жыл бас бостандығынан айыруға "КНПЗ-Трейд" ЖШС директоры А. Ягодкин, мүлкін тәркілеумен 4 жыл бас бостандығынан айыруға С. Ертаев, мүлкін тәркілеумен 3 жыл бас бостандығынан айыруға С. Бектұрғанов және мүлкін тәркілеумен 4 жыл бас бостандығынан айыруға кедендік бекеттің қызмтекері З. Магзом сотталды. Олар ұйымдасқан топ болып, шикі мұнайды композит деп, контрабандалық жолмен шығарып, мемлекетке 558 млн 400 мың теңге залал келтірген".

Қаржы полициясының мәліметінше, сондай-ақ, "Қызылорда облысында әрбіреуі 3 жыл бас бостандығынан шартты айыруға "Сункар 777" ЖШС директоры М. Сейсенбайұлы мен "НЭК" НоваОйл" ЖШС директоры Е. Двуреченский сотталды. Олар тиісті лицензиясыз көрінеу қылмыстық жолмен алынған шикі мұнайды заңсыз сақтаған және сатқан. Бұған қоса, олар құны 46 млн. 950 мың теңгенің 946 тонна шикі мұнайын контрабандалық жолмен мазут ретінде шығармақ болған. Алынған шикі мұнай мемлекет пайдасына өндірілді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны