31.03.2010, 13:16 3781

Жыл басынан бері ұрланған 200 автокөліктің тең жартысынан астамы иелеріне қайтарылды

Жыл басынан бері ұрланған 200 автокөліктің тең жартысынан астамы иелеріне қайтарылды

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Жыл басынан бері ұрланған 200 автокөліктің тең жартысынан астамы иелеріне қайтарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция комитетінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Ішкі істер министрлігі автокөлік құралдарын ұрлаумен және айдап әкетумен байланысты қылмыстарға қарсы күрес бойынша жұмысты ұйымдастыруға ерекше назар аударады. Қабылданған ұйымдастырушылық-практикалық шаралармен 2 айда тіркелген автокөлік құралдарын ұрлау саны 109-дан 75-ке дейін азайған".

ІІМ мәліметінше, негізінен, Ресейде шығарылған автомашиналар мен ұсталған шетелдік автомашиналар (90% артығы) айдап әкетілетіні, одан кейінгі орында 10% құрайтын беделді модельдегі автомашиналар айдап әкетілетінін талдап көрсетіп отыр.

"Қылмыстың осы түрі көбінесе Алматы қаласында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жасалады. Жыл басынан бері ұрланған 200 автомашинаның 110-нан астамы, негізінен "Мазда", "ВАЗ", "Тойота" заңды иелеріне қайтарылды",- деп хабарладйы комитеттегілер.

ІІМ мәліметінше, Астана қаласында қаңтарда аса қаталдықпен жасалған ауыр қылмыс ашылды. Осы қылмыс үшін үш қылмыскер, оның бірі әйел адам ұсталды. Қылмыскерлер "Тойота Ленд-Крузер" автомашинасын иелену үшін оның жүргізушісі 40 жастағы әйелді өлтірген.

Сондай-ақ, мекеменің хабарлауынша, Алматы қаласында алты мүшесі бар ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, олар пайда көру мақсатында "Тойота Ленд-Крузер" автомашинасының иесін өлтірген, сондай-ақ олардың басқа да бірқатар қарақшылық шабуылдар жасаған қылмыстары әшкереленді.

"Ұрланған автомашиналардың жолын кесу және оларды алып шығуды болдырмау мақсатында Жамбыл облысының Отар кентінде "Шеп" блок-бекеті құрылды. Айдап әкетілген автомашиналардың белгілерін ұялы байланыс абоненттеріне SMS-хабарламалар беру арқылы іздестіру практикаға енгізілді. Такси парктерінің, жедел медициналық жәрдем машиналарының жүргізушілері, қалалық коммуналдық шаруашылық қызметтері мен жергілікті радиоберілім компаниялары айдап әкетілген автомашиналарды табуға тартылған. Автомашиналарды ұрлау мен айдап әкетулердің алдын алу және жолын кесу мақсатында "Айдап әкету", "Автомобиль", "Қақпан" кең көлемді және өңірлік жедел-профилактикалық іс-шара тұрақты өткізіледі",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "ақпан айында Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 4 тәулік бойы "Айдап әкету" өңіраралық жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді, оның барысында автокөлікті заңсыз иеленумен байланысты 22 қылмыс, оның ішінде 3 қарақшылық, 2 тонау, 16 айдап әкету қылмысы ашылды. Операция нәтижелері бойынша бұрын ұрланған 40 автомашина, оның ішінде қымбат тұратын 7 автомашина - "Тойота Прадо", "Мицубиси Аутлендер", "Лексус" и "Фольксваген Туарег" заңды иелеріне қайтарылды".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, Алматы қаласында 22 ақпанда "ізін суытпай" Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұсталды, олар атыс қаруымен қорқытып, жәбірленушінің аяқ-қолын байлаған, оны жүк салатын орынға жатқызып, "Maзда" автомашинасын иеленген.

"Келесі күні осыған ұқсас қарақшылық жасағаны үшін "Алматы-Боралдай" автожолында Алматы облысының тұрғыны ұсталды. 24 ақпанда үш күндік мұқият жұмыстың нәтижесінде Шымкент қаласының екі тұрғыны анықталып, ұсталды. Олар содан үш күн бұрын жәбірленушіні өлтірумен қарақшылық шабуыл жасаған және оның "Опель Вектра" автомашинасын иеленген",- деп хабарлайды ІІМ.

"Қазақстанның ІІМ-нің бастамасы бойынша Тәжікстан ІІМ-мен және Орталық Азия өңірі бойынша ТМД-ның аса қауіпті қылмыстарға қарсы күресті үйлестіру бюросымен өзара іс-қимыл жасаса отырып, Душанбе қаласында бірлескен жедел-тергеу тобы құрылды, құрылған топ беделді модельдегі автомашиналарды ұрлаумен және айдап әкетумен айналысатын трансұлттық қылмыстық топты анықтау жөнінде жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны