11.06.2014, 19:59 2942

Жыл сайын 7 млн тонна Ресей мұнайы Қазақстан аумағы арқылы Қытайға тасымалданады

Министрдің айтуынша, болашақта мұнай тасымалдау көлемін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыру мүмкіндігі қарыстырылған.

Алматы. 11 маусым. Kazakhstan today. ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады.

"Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Ресей мұнайын Қазақстан Республикасы аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімді ратификациялау туралы" Заң жобасын дайындаудағы мақсат - мемлекетішілік процедуралар өткізу болып табылады. Келісім 2013 жылы Мәскеуде жасалған болатын. Оның мақсаты ресейлік мұнайды Қазақстан аумағы арқылы Қытайға тасымалдау үшін жағдай жасау болып отыр", - дейді мұнай және газ министрі.

Министрдің айтуынша, болашақта мұнай тасымалдау көлемін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыру мүмкіндігі қарыстырылған.

"Тасымалдау бағыты бойынша жылына 7 млн тонна көлемінде мұнай тасымалдау құнын Қазақстанның уәкілетті мемлекеттік органы тараптардың уәкілетті ұйымдарының уағдаластықтары негізінде 1 тонна үшін АҚШ долларымен бекітеді", - дейді ол.

Аталған келісім бес жылға жасалған, тараптардың келісімі әрі қарай ұзартылуы мүмкін.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны