03.06.2013, 13:36 6910

Жыл соңына дейін Астанада Кувейт елшілігі ашылады

2013 жылғы 1-2 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай бастаған делегация Кувейт Мемлекетіне жасаған жұмыс сапары барысында Кувейт Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі шейх Сабах Халед Ил-Хамад Ас-Сабахпен келіссөздер өткізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.

Астана. 3-маусым. Kazakhstan Today - Жыл соңына дейін Астанада Кувейт елшілігі ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2013 жылғы 1-2 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай бастаған делегация Кувейт Мемлекетіне жасаған жұмыс сапары барысында Кувейт Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі шейх Сабах Халед Ил-Хамад Ас-Сабахпен келіссөздер өткізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында Кувейт сыртқы саяси ведомствосының басшысы Кувейт тарапы Қазақстанның жоғары халықаралық беделін, сондай-ақ көпжақты және екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың болашақ әлеуетін ескере отырып, үстіміздегі жылдың аяғына дейін Астанада өз Елшілігін ашуды жоспарлап отырғанын және оның салтанатты ашылуын Кувейт Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі шейх Сабах Халед Ил-Хамад Ас-Сабах Қазақстанға ресми сапары барысында өткізу ниетін жеткізді.

Сұхбат аясында тараптар Қазақстан мен Кувейт арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастық мәселелерін, атап айтқанда екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту жолдарын талқылап, аймақтағы түйткіл сұрақтар бойынша ой бөлісті. Қ.Сарыбай Кувейтке сапары шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық Қазақстан - Кувейт бірлескен ?комиссиясының тең төрағасы, КМ Қаржы министрінің орынбасары Халифа Хамадамен, Кувейт араб экономикалық даму қорының (КАЭДҚ) Бас директоры Ибделуахаб Ил-Бадрмен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру, үкіметаралық комиссияның кезекті, 3-отырысын ү.ж. қыркүйекте Астанада өткізу және елімізге инвестиция тарту, кувейттік кәсіпкерлердің Қазақстан нарығына белсенді араласуы мен 2017 жылы Астанада өтетін "EXPO-2017" халықаралық көрмесін ұйымдастыруға атсалысу мәселелері талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны