05.06.2014, 19:58 4582

Жыл соңына дейін еліміздің әр аймағында аймақтық кластер жұмыс істеуі керек

Жыл соңына дейін еліміздің әр аймағында аймақтық кластер жұмыс істеуі керек. Бұл туралы Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Аймақты кеңесінің мүшелері және бизнес-қауымдастықтың өкілдерімен кездесу барысында ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan today. Жыл соңына дейін еліміздің әр аймағында аймақтық кластер жұмыс істеуі керек. Бұл туралы Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Аймақты кеңесінің мүшелері және бизнес-қауымдастықтың өкілдерімен кездесу барысында ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті.

"Біз жұмысымызды жыл соңына дейін әр аймақта территориялық кластер болатындай етіп бастауымыз керек. Осы арада дәнекер кәсіпкерлер палатасы болмақ. Біз алдымызға қандай мақсатты қою керек екенімізді түсініп алуымыз керек", - деді А. Мырзахметов.

Сонымен қатар, ол келелі кеңеске жиналғандарды ҮИИД-2 бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Мембағадарлама келер жылдың басынан бастап іске қосылады және оны жүзеге асыруға 6,5 трлн теңге бөлінеді.

Абылай Мырзахметов түсіндіріп өткендей, барлық аймақта бірінші кезекте қаржыға деген қолжетімділік мәселесі көтеріледі. Бұл ретте негізгі 3 бағытты атап өткен жөн. Олар: банктер, бюджет және даму институттары.

ҰКП басқарама төрағасының есептеуінше, банктерде ҰКП мүшесі, алайда олар өздерінің бағалау саясатын міндеттеу және айыппұл салу арқылы жағдайды тым күрделендіріп жібереді.

Осы ретте ұлттық палата аталмыш проблеманы шешудің екі жолын ұсынып отыр. Бірінші кезекте тұріктердің тәжірибесіне сүйене отырып арнайы қор құру, екіншіден несиелік серіктестіктерді белсенді дамыту.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны