01.09.2009, 11:14 1332

Жылдың бірінші жартысының қорытындысы бойынша халықтың нақты ақшалай кірісі өсті; зейнетақы жинақтарының көлемі 1,5 трлн теңгеден асты - Назарбаев

Жылдың бірінші жартысының қорытындысы бойынша халықтың нақты ақшалай кірісі өсті; зейнетақы жинақтарының көлемі 1,5 трлн теңгеден асты - Назарбаев

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Жылдың бірінші жартысының қорытындысы бойынша халықтың нақты ақшалай кірісі өсті; зейнетақы жинақтарының көлемі 1,5 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның IV шақырылған парламентінің ІІІ сессиясының ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жылдың бірінші жартысында халықтың нақты ақшалай кірісі өсті. Зейнетақы жинақтарының көлемі 1 трлн 680 млрд теңге болды", - деді Н. Назарбаев.

"Еліміз бойынша "100 мектеп, 100 аурухана", "20 интеллектуалдық мектеп" бағдарламалары жүзеге асырылуда",- деді ол.

"Қазірде ел өңірлерінде 5000-нан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, жаңадан 393 мың жұмыс орны құрылды", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны