16.07.2014, 22:45 2939

Жылдың І жартысында е-үкімет арқылы 38 мыңнан астам талап арыз түсті

Бүгін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында электронды сервистерді енгізу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Алматы. 16 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында электронды сервистерді енгізу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

"Электронды сот өндірісін, атап айтқанда, "Сот кабинетін" дамыту және сот төрелігін қашықтықтан жүзеге асыру мақсатында Республикалық адвокаттар алқасымен бірлескен тығыз ынтымақтастық заманауи технологияларды қолданудың арқасында істерді қарау ыңғайлы әрі шапшаң бола бастады", деді дөңгелек үстел барысында Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.Испанов.

Кез клген азамат, оның өкілі немесе адвокат өзіне қолайлы кез келген уақытта үйінен, кеңсесінен шықпай-ақ интернет желісі арқылы сот құжаттарымен танысып қана қоймай, сондай-ақ істің қаралу деңгейін біліп, сот актісін басып шығара алады.

Статистикалық деректерге сәйкес, 2014 жылғы бірінші жартыжылдықта "электронды үкімет" порталы арқылы 38 369 талап арыз, сот отырысының хаттамасын беру туралы өтініш және хаттамаға ескертулер түсті, бұл 2013 жылға қарағанда 1,5 есеге артық (26 034) болса, ал "электронды үкімет" порталының төлем шлюзі арқылы мемлекеттік бажды төлеу 1105 транзакцияны құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны