29.05.2015, 16:47 3910

Жылдыӊ соӊына дейін ЕАЭО-тыӊ бірыӊғай Кедендік кодексі қабылданады - Д.Медведев

Ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерініӊ ынтымақтастығы бойынша бірқатар құжаттар қабылдау

Астана. 29 Мамыр. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерініӊ ынтымақтастығы бойынша бірқатар құжаттар қабылдау жоспарланған, оныӊ ішінде бірыӊғай Кедендіӊ кодекс, деп мәлімдеді бүгін РФ Үкіметі төрағасы Дмитрий Медведев Бурабай кентінде (Ақмола облысы) Еуразиялық үкіметаралық кеӊестіӊ (ЕҮАК) кеӊейтілген отырысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жылдыӊ соӊына дейін ондаған құжат қабылдау жоспарланған, олардыӊ ішінде Кедендік кодекс, Халықаралық шарттарды жасау тәртібі туралы Келісім бар", - деді Д.Медведев, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, Еуразиялық Одақты экономикалық дамыту, оныӊ халықаралық қызметініӊ жобалары әзірленген,

"Бұл 2030 жылға дейінгі кезеӊдегі ұзақ мерзімді бағдарларға қатысты", - деп нақтылады ол.

Д.Медведев айтып өткендей, негізгі күштер тауардардыӊ, қызмет көрсетулер мен капиталдардыӊ, сондай-ақ жұмыс күшініӊ ЕАЭО ішінде еркін қозғалысына тосқауыл болатын кедергілерді жоюға шоғырлануы тиіс.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны