02.06.2014, 20:47 3232

"ЖҚЖК-2020" аясында 2014 жылы мың адам шағын несие алды

"Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" аясында 2014 жылы шамамен 1 мың адам шағын несие алды.

Алматы. 2 маусым. Kazakhstan today. "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" аясында 2014 жылы шамамен 1 мың адам шағын несие алды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасының іске асырылу барысы туралы брифингінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

"Жалпы, бес айдың қорытындысын қарайтын болсақ, бұл уақыт аралығында шамамен 32 мың адам жұмыспен қамтамасыз етіліп, соның басым бөлігі тұрақты түрде жұмысқа орналасты. Тағы 29 мың адам қайта оқыту шараларына тартылып, 1 мыңдай адамға шағын несие берілді. Тағы 1,5 мың адам өзге елді мекендерге қоныс аударды", - дейді министр.

Оның айтуынша, жастардың өндірістік тәжірибесіне тағы 30 мың адам тартылды. Сонымен қатар, пилоттық өңірлерді кәсіби бейімдеу бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындалды. Және 9-11 сынып оқушыларын кәсіби баулу қолға алынды.

"Шілдеден бастап Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан обылыстарында бағдарламаға қатысушы үміткерлер арасында кәсіби бейімдеу өткізіледі", - дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Министрдің айтуынша, сұранысқа ие мамандықтарда жұмыс орнын құру мен ағымдағы бос жұмыс орындарының мәліметтер базасын құру мен халықтың мақсатты тобын жеке жұымспен қамту агенттіктері мен үкіметтік емес ұйымдарға тарту жұмыстары басталып кеткен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны