21.04.2014, 21:36 3673

"ЖҚЖК- 2020" кеңейту аясында 7 мыңға жуық мүгедекті еңбекпен қамту қарастырылған - Т.Дүйсенова

"ҚР мүгедектердің жалпы санының 65,6 %-ы еңбек етуге қабілетті жастағы адамдар, оның ішінде 47 %-дан астамын нәтижелі жұмыспен қамтуға ешқандай да кедергі жоқ. Жұмыс істейтін мүгедектердің саны 82 мыңнан аспайды, бұл еңбек ету қабілеті сақталған мүгедектердің 43,5 %-ы дегенді білдіреді", - деп толықтырды Т. Дүйсенова.

Алматы. 21 сәуір. Kazakhstan today. Мүгедектерді жұмыспен қамтудың өңірлік карталары бойынша "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі 7 мыңға жуық адамды еңбекпен қамту жоспарланған, деп хабарлады бүгін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" қатысушылардың контингенті кеңейтілді және кейіннен жұмысқа орналасу, ауылды жерлерде жеке ісін ашуға немесе кеңейтуге микрокредит алу мақсатында кәсіптік қосымша оқудан өтуге мүмкіндік берілген мүгедек адамдарды қамтиды. Осы жұмыс аясында шамамен 7 мың адамды еңбекпен қамту күтілуде", - деді Т. Дүйсенова.

Ол сондай-ақ, соңғы үш жылда жоғары оқу орындарына квота бойынша 680-нен астам мүгедек, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына тағы да 1146 мүгедек қабылданғанын хабарлады. Жыл сайын еліміздің ЖОО мен колледждерінде 2800-дей мүгедек оқиды. Олардың басым бөлігіне жергілікті бюджет қаражаты есебінен жеңілдікті стипендия беріледі, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.

"ҚР мүгедектердің жалпы санының 65,6 %-ы еңбек етуге қабілетті жастағы адамдар, оның ішінде 47 %-дан астамын нәтижелі жұмыспен қамтуға ешқандай да кедергі жоқ. Жұмыс істейтін мүгедектердің саны 82 мыңнан аспайды, бұл еңбек ету қабілеті сақталған мүгедектердің 43,5 %-ы дегенді білдіреді", - деп толықтырды Т. Дүйсенова.

Оның айтуынша, мүгедектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудің негізгі тетіктері жұмыс берушіде арнаулы жұмыс орындары болған жағдайда, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу, тауар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдарды қолдау мүгедектерді жұмысқа орналастырудың негізгі механизмдері болып отыр.

ЕХИҚМ мәліметінше, бүгінгі күні Қазақстанда 33 соқырлар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны және 18 саңыраулар қоғамы қызмет етуде, онда шамамен төрт мыңдай мүгедек жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта, ЕХИҚМ мәліметінше, елімізде 600 мыңнан астам немесе халықтың жалпы санының 3,5 %-нан астам мүгедек өмір сүреді, оның ішінде 69 мың мүгедек бала.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны