01.07.2014, 20:47 2970

ЖҚЖК бойынша әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу қажет - Б. Жәмішев

Өңірлік даму министрлігі басшысының мәліметі бойынша, республикамыздағы 55 мың әлеуметтік инфрақұрылымның 17 мыңдайы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бейімделмеген.

Алматы. 1 шілде. Kazakhstan today. ЖҚЖК бойынша әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу қажет .

"Нұр Отан" партиясының Орталық аппаратында, партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек және алты салалық министрдің, бірқатар орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының қатысуымен "Кедергісіз келешек" партиялық жобасының шеңберінде өткен отырыс барысында өңірлік даму министрі Б. Жәмішев осындай ұсыныс жасады.

Өңірлік даму министрлігі басшысының мәліметі бойынша, республикамыздағы 55 мың әлеуметтік инфрақұрылымның 17 мыңдайы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бейімделмеген.

Осыған орай министр, ғимарат пен құрылыстарға жөндеу жүргізіліп жатқан "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" шеңберінің аясында, оларды мүмкіндігі шектеулі адамдарға ыңғайлап бейімдеуді ұсынды.

"Жұмыспен қамту жол картасы -2020" бойынша, ғимараттар мен құрылыстарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Егер де осы жұмыстардың барлығын да тұрғындардың кішігірім ұйымшыл тобының барлық талабын ескере отырып жүргізсе, яғни, осы шарттардың барлығын қайта құру жобасына міндетті түрде енгізсе, ғимаратар мен құрылыстарды мүгедек адамдар үшін барынша бейімдеген болар едік", -деп түсіндірді Болат Жәмішев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны