11.11.2024, 10:52 71216

Жоғарғы Соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі жаңа үйлестіруші-судьялары тағайындалды

Жоғарғы Соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі жаңа үйлестіруші-судьялары тағайындалды, деп хабарлайды ҚР ЖС баспасөз қызметінен.

Жоғарғы Сот Төрағасының Өкімімен Жоғарғы Соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі жаңа судья-үйлестірушілері тағайындалды:

- әкімшілік іс жүргізу бойынша Аслан Тукиев (ЖС Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы);

- қылмыстық сот ісін жүргізу бойынша Еркеш Мәукен (ЖС судьясы);

- азаматтық сот ісін жүргізу бойынша Марина Боровик (ЖС судьясы).

Оларға Коммуникация бөлімімен бірлесе отырып, сот жүйесінде жүргізіліп жатқан жаңарулар, сондай-ақ судьялар мен сот қызметкерлерінің кәсіби қызметі туралы қоғамның хабардар болуын қамтамасыз ету, сот ісін жүргізу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жүктелді.

БАҚ-пен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен өзара іс-қимыл тәсілдерін қайта қарауды талап ететін белсенді коммуникациялардың жаңа шындықтарын ескере отырып, мыналарды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер қойылды:

- БАҚ-қа ашық сот процестеріне қолжетімділік және жабық сот отырыстарында қаралған істер бойынша БАҚ-қа сапалы ақпарат беру;

- үйлестіруші-судьялар мен соттардың баспасөз қызметтерінің біліктілігін арттыру;

- заманауи коммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, БАҚ-пен өзара байланыс орнату және т.б.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны