06.05.2020, 18:10 8269

Жоғары Сот Кеңесі жоғары тұрған және басшылық судья лауазымдарына кадр резервін қалыптастырудың жаңа кезеңін жариялады

Жоғары Сот Кеңесі жоғары тұрған және басшылық судья лауазымдарына кадр резервін қалыптастырудың жаңа кезеңін жариялады

Алматы. 6 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жоғары тұрған және басшылық судья лауазымдарына кадр резервін қалыптастырудың жаңа кезеңін жариялады. Бұған дейін хабарланғандай, Кеңес үстіміздегі жылы 3 сәуірде кадр резервін жаңа тәртіп бойынша қалыптастырып, оның құрамына судьялар қатарынан 80 адам кірген. Олар 270 кандидат арасынан іріктеліп алынды. Сонымен қатар, судьялардың кадр резервін қалыптастыру жұмыстары жалғастырылған. Кезең-кезеңмен, кейінгі іріктеу нәтижелеріне қарай, резерв жаңа кандидаттар есебінен жаңартылып отыратын болады.

Жоғары Сот Кеңесі кадр резервін қалыптастырудың келесі кезеңін бастады. Осыған байланысты, жоғары тұрған және басшылық судья лауазымдарына кадр резервіне іріктелу үшін үшін құжаттар қабылдау жүргізіледі. Өтініштер 1 маусымға дейін қабылданады.

Судья лауазымдарына үміткерлерді іріктеу шараларын Кеңес бұрыңғы тәртіппен белсенді жүргізіп келеді. Дегенмен, қазіргі уақытта замануи цифрлық технологиялар қолданылып отыр.

Бұған дейін судьялардың бос лауазымдарына жарияланған конкурстарға қатысу үшін құжат тапсырған үміткерлер іріктеу және бағалау кезеңдерінен қашықтықтан өте алады.

Осылайша, талапкерлерден сұхбат алуды Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері бейнеконференция жүйесі арқылы және интернет-технологиялардың көмегімен өткізеді. Осындай тәртіппен соңғы кезде Кеңес мүшелері екі жүзден астам үмкіткерден сұхбат алды.

Бұдан бөлек, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриі жаңа цифрлық форматта, яғни, қашықтық байланыс арқылы алғаш рет судьяларға қатысты бірқатар тәртіптік істі қарады. Сот жюриі отырысының қорытындысы бойынша, бірнеше судьяға сөгіс жарияланды, сонымен қоса ескертулер жасалды.

ҚазақстанРеспубликасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны