04.03.2008, 17:36 2989

Жоғарғы сот көлік жүргізушілердің кәулігіне талондарды енгізу жөнінде қаулыға қатысты шағымды қарастыруға кірісті

Жоғарғы сот көлік жүргізушілердің кәулігіне талондарды енгізу жөнінде қаулыға қатысты шағымды қарастыруға кірісті

Астана. 4 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Жоғарғы сот Қазақстан азаматының Абай қаласы тұрғыны Нұрхан Жұмабековтың көлік жүргізушілердің кәулігіне талондарды енгізу жөнінде "үкіметтің 1997 жылғы 25 қарашасында №1650 қабылданған қаулысына толықтырулар енгізу туралы" үкіметтің 2007 жылдың 9 қаңтарындағы №6 қаулысының заңдылығына қатысты шағымын қарастыруға кірісті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Сот отырысы кезінде арыз беруші бұл қаулының ҚР Конституциясының 14, 39, 61 баптарына қайшы деп мәлімдеді.

"Конституцияның 14 бабына сәйкес, тұрғылықты жеріне қатысты ешкімге кемсітушілік жасалмайды. Мен Қазақстан Республикасының азаматымын, осы елде тұрамын. 1994 жылдан бері көлікті жүргізудің арнайы құқығына ие болдым. Менің пікірімше, маған қатысты бұл жерде кемсітушілік бар. Халықаралық қозғалысқа қатысатын жүргізуші, яғни оның көлігі Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын тұлғаның иелігінде болғандықтан, жүргізуші куәлік талонын алуы міндетті емес ", - деп түсіндірді Н. Жұмабеков.

Ол атап өткеніндей, "Конституцияның 14 бабында айтылғанындай, заң алдында бәрі тең дәрежелі". "Бұл жерде Қазақстан Республикасы территориясында көлік қозғалысының екі субъектісіне бірдей міндеттер қарастырылмаған", - деп есептейді арыз беруші.

Оның пікірінше, 2007 жылдың 9 қаңтарынан бастап, үкімет қаулысымен жол қозғалысының екі субъектісіне (ұлттық жол жүру және халықаралық жол жүру) "екі түрлі талаптар қойыла бастады".

"Жол жүру ережесінің 1 бөлімінің 2 тармағына сәйкес, ұлттық жол қозғалысына қатысатын жүргізушінің жол куәлігінің талоны болуы керек. Ал осы ереже бойынша 2 бөлімнің 2 тармағына сәйкес, халықаралық жол қозғалысына қатысатын жүргізушіге ондай міндеттер жүктелмеген ", - деп толықтырды Н. Жұмабеков.

Ал сот алдында жауап беруші ҚР ІІМ заң департаменті бастығының орынбасары Шынтас Манкешов мәлімдегеніндей, " жүргізушілер кәулігінің талоны мен жүргізушілерге қажетті қосымша құжат тізімі үкімет қаулысымен әкімшіліктік құқық бұзушылық кодексінің талаптарына негізделіп қабылданды".

"Үкімет қаулысында адам құқығын шектеу немесе кемсітушілік түрлерін тудыратын немесе оларға тосқауыл қоятын нормалары бекітілмеген, өйткені Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамаларының талаптары басқа мемлекеттерге таралмайды", - деп есептейді ол.

Бүгінгі күнде сот отырысында үзіліс жарияланды

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны