16.07.2014, 22:46 2815

Жоғарғы Сот порталының көмегімен азаматтар сот процесінің бейне жазбасын көре алады

Сонымен қатар, Азаматтық іс жүргізу кодексіне енетін өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес "Сот кабинеті" сервисін одан әрі дамыту нәтижесінде арыз-шағымдар мен өтініштерді беру, сот процесінің аудио- және бейнежазбасын көру, істерді іздеу және басқа да мүмкіндіктер болады деп жоспарлануда.

Алматы. 16 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында электронды сервистерді енгізу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

"Сот кабинеті" сервисі арқылы заңды тұлғалардың мемлекеттік баж төлеу мәселесі шешімін тапты, жеке тұлғаның (заңды тұлға өкілінің) төлем карточкасы арқылы бажды төлеу, сондай-ақ төлем құжатының (түбіртек, төлем тапсырмасы және т.б.) сканерден өткен көшірмесін қоса беру мүмкіндігі артты", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Азаматтық іс жүргізу кодексіне енетін өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес "Сот кабинеті" сервисін одан әрі дамыту нәтижесінде арыз-шағымдар мен өтініштерді беру, сот процесінің аудио- және бейнежазбасын көру, істерді іздеу және басқа да мүмкіндіктер болады деп жоспарлануда.

Сот жүйесіне заманауи технологиялардың енгізілуі мен қолданылуы сот өндірісін жеңілдетеді, бюрократиялық кедергілердің еңсерілуіне ықпал етеді, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың орын алу ықтималдығын төмендетіп қана қоймай, тұрғындар үшін сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін барынша арттыра түседі.

"Дөңгелек үстел" барысында ақпараттық технологияларды сот жүйесінде қолдану бойынша ынтымақтастықты одан әрі арттыру, порталды жақсарту және жаңғырту бойынша тиімді тәсілдерді қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен Республикалық адвокаттар алқасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бүгінгі таңда азаматтар электронды цифрлық қолтаңба көмегімен мемлекеттік органдардың виртуалды қабылдауларына өтініш жіберіп, анықтама алады, тіркеуін ауыстырады, түрлі қызметтер мен рұқсаттамаларды алуға тапсырыс береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны