09.07.2018, 20:14 4853

Жоғарғы Соттыӊ төрағасы Жақып Асанов судьяларға арнап үндеу жариялады

"Судья - абыройлы лауазым. Кез-келген заӊгердіӊ еӊ биік шыӊы. Бұл жай ғана қабілет емес, сонымен қатар айрықша бедел, әрбір шешім үшін жауаптылықты, әділеттілік пен заӊдылықты жоғары деӊгейде сезіне білу. Ойшылдар судьяны "сөйлейтін заӊ" деп жайдан-жай айтпаса керек.

Астана. 9 шілде. Kazakhstan Today - Жоғарғы Соттыӊ төрағасы Жақып Асанов судьяларға арнап үндеу жариялады. Онда былай делінген:

"Судья - абыройлы лауазым. Кез-келген заӊгердіӊ еӊ биік шыӊы. Бұл жай ғана қабілет емес, сонымен қатар айрықша бедел, әрбір шешім үшін жауаптылықты, әділеттілік пен заӊдылықты жоғары деӊгейде сезіне білу. Ойшылдар судьяны "сөйлейтін заӊ" деп жайдан-жай айтпаса керек.

Біздіӊ қоғамда судьялар - билер соты дәстүрін жалғастырушылар. Олар ар-ожданныӊ, әділдіктіӊ, шешендік өнердіӊ, тереӊ білім мен басқа да қасиеттердіӊ эталонына айналды. Ұлы даланыӊ мызғымас абыройы мен сеніміне ие болды. Қазақ хандығыныӊ өркендеу дәуірі Ийтеке, Қазыбек және Төле билердіӊ есімдерімен байланысты болуы тегіннен-тегін емес.

Бүгінде Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен республикада сот жүйесін жаӊғырту жүргізілуде. Оныӊ еӊ маӊызды міндетініӊ бірі - судьяларды іріктеу жүйесін жолға қою. Судьялық қызметке еӊ лайықтылар мен дайындығы мықты үміткерлер ғана келуі тиіс. Ол үшін күрделі және, еӊ бастысы, ашық конкурс қажет. Жоғарғы Соттыӊ бірінші басым бағдарламасы "МІНСІЗ СУДЬЯ" деп аталуы да сондықтан.

Біз судьяларды іріктеу мен олардыӊ карьералық өсу жүйесін жетілдірудіӊ кешенді шараларын пысықтаудамыз. Бұл жұмыс Жоғары Сот Кеӊесімен бірге жүргізілуде.

Осы орайда сот біліміне ерекше назар аударылып отыр. Бұл - сот билігін жақсарту мен жаӊа заманғы судьяларды даярлаудыӊ шешуші факторы. Осы міндетті Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясы толығымен орындап келеді. Академия шетелдік озық тәжірибе негізінде құрылған. Бүгінгі күні ол - оқыту бағдарламасы сот жүйесініӊ нақты сұраныстарын ескеретін еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны.

Сот төрелігі академиясыныӊ түлектері басқаларға қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие.

Оныӊ себебі мынадай:

Біріншісі. Болашақ судьяларды Жоғарғы Соттыӊ судьялары мен жетекші сарапшылар оқытады. Оқу барысында судьялардыӊ күнделікті жұмысындағы мысалдар кеӊінен қолданылады. Шетелдік, соныӊ ішінде үздік құқық мектептеріндегі тәжірибеге ерекше назар аударылады.

Екіншісі - практикалық машық: оқыту мерзімініӊ 60%-ы сот органдарында тәжірибеден өтуге арналған.

Үшіншісі - шыншылдық, адалдық, бейтараптылық сияқты жеке қасиеттерді дамыту. Өзін-өзі жетілдіре білу. Тұлғалық даму бойынша үздік бағдарламаларды қолдану. Академияда бұған аса мән беріледі.

Іріктеу сапасын арттыру мақсатында магистранттарды қабылдау тәртібі өзгертілді.

Емтиханныӊ бірі - құқық салалары бойынша нақты кейстерді шешу.

Бұдан кейін эссе жазылады. Үміткер өзі жайлы, өзініӊ еӊбек жолы және не үшін Академия магистранты болғысы келетіні туралы әӊгімелеп беруі тиіс.

Қажетті ұпай жинаған әрбір үміткердіӊ кәсіби қасиеттерін анықтау үшін өзім және Жоғары Соттыӊ басқа да өкілдері олармен әӊгімелесу өткіземіз.

Академияны қаржыландыру ережесіне сәйкес үміткерлер мемлекеттік қызметші болуы тиіс екендігін бірден атап өткім келеді. Оқу кезінде олардыӊ еӊбек өтілі мен жалақысы сақталады. Сонымен қатар судьялыққа үміткерлердіӊ заӊгерлік жұмыс өтіліне қатысты қойылатын заӊ талаптары бар.

Егер жігерлі болсаӊыз, алдыӊызға мақсат қойып, соған ұмтылсаӊыз және өз өміріӊізді заӊ мен қоғамға қызмет етуге арнаймын десеӊіз, онда Сізді Сот төрелігі академиясыныӊ магистратурасына шақырамын. Бұл оқу орнында судья болу үшін қажетті білім мен қабілетке ие боласыз.

Қабылдау барынша объективті түрде өтеді. Мен комиссияныӊ жұмысы ашық, әділ болатынына кепілдік беремін. Академияға еӊ лайықтылар ғана түседі.

Біз Қазақстанныӊ соттарында үздіктердіӊ үздігі жұмыс жасағанын қалаймыз! Солардыӊ бірі болыӊыз! Еліміздіӊ дамуына өз үлесіӊізді қосыӊыз! Сізді күтеміз!

Толық ақпаратпен htpp://academy.sud.kz сайтындағы "Оқуға түсушілер үшін" бөлімде танысуға болады".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны