03.06.2014, 20:29 3660

Жол қауіпсіздігі туралы техрегламент 2015 жылғы 15 ақпаннан бастап іске қосылады - ККМ

ҚР көлік және коммуникация министрлігінде Кедендік одақтың "Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі" техникалық регламентінің шараларын іске асырылуы жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Алматы. 3 маусым. Kazakhstan today. ҚР көлік және коммуникация министрлігінде Кедендік одақтың "Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі" техникалық регламентінің шараларын іске асырылуы жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Бұл құжат автомобиль жолдарындағы қауіпсіздікке, олардың жобалауына, салуына және жөндеуіне байланысты қажетті ең төменгі талаптарды белгілейді.Техрегламент 2015 жылғы 15 ақпаннан бастап күшіне енеді.Қазіргі уақытта Қазақстан, Ресей, Белоруссияда стандарттардың алуан талаптары бар көптеген кешендері пайдаланылуда.Техрегламент іске қосылғаннан кейін барлық іс-қимыл қауіпсіздік мәселесіне шоғырланады.

Бұдан тыс, құжатта осы талаптарға жобалаушылар мен құрылысшылардың осы талаптарға сәйкестігін бағалау тәсілдері де белгіленетін болады, деп көлік және коммуникация министрлігінің ресми порталы хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны