13.05.2014, 20:51 1383

Жол қозғалысы туралы жаңа заң қағаз жүзіндегі техбайқаудан өту бланкілерінен бас тартуды көздейді

Заңда техникалық байқау өту туралы қағаз бланкілерден бас тарту көзделген, ал оның өту факті механикалық көлік құралдар мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқау бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәлімет сұрау арқылы анықталады.

Алматы. 12 мамыр. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы техникалық байқау өтудің жаңа ережелерін қарастыратын "Жол қозғалысы туралы" Заңына қол қойды. Құжат үстіміздегі жылғы қазан айынан бастап күшіне енеді.

Оның ішінде, Заң пайдаланымда 4 жылдан аспайтын мерзімдегі (шығырылған жылын қосқанда) көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өтуден босатады, деп көлік және коммуникация министрлігінен хабарлады.

Сонымен бірге, Заңда техникалық байқау өту туралы қағаз бланкілерден бас тарту көзделген, ал оның өту факті механикалық көлік құралдар мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқау бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәлімет сұрау арқылы анықталады.

Техникалық байқаудан өтуге қажет құжаттар тізімі бойынша да өзгерістір енгізілді. Енді, жаңа ережелерге сәйкес, техникалық байқаудан өту үшін көліктік салық төлеу жөнінде құжат қажет емес: операторға тек қана көлік құралы мен оны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін (автоның техникалық төлқұжаты) ұсынғаны жеткілікті.

Жол-көлік оқиғасына соқтырған техникалық байқауды тиісінше өткізбегендігі үшін операторлардың жауапкершіліктері қарастырылған. Сонымен қатар, операторлардың техникалық байқауды өткізу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершіліктері күшейтілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны