18.07.2006, 16:39 2889

Жол полициясы департаменті жолдағы заң бұзушылықтарға айыппұл көлемін көбейтпейді

АСТАНА. 17 шілде. Kazakhstan Today. ҚР ІІМ жол полициясы департаменті жолдағы заң бұзушылықтарға айппұл көлемін көбейту қажет, деп есептемейді. Бұл жөнінде журналистердің сауалдарына жауап берген департамент бастығының орынбасары Сергей Каверников мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«С. Каверников, қазіргі таңда айыппұл мәселесі қарастырылып жатқан жоқ, біз үшін ең бастысы заңның орындалғаны маңызды», - деді. Оның айтуынша, департаменттің ұсынысымен әкімшілік заңнамаға бірқатар толықтырулар енгізіледі. Бірақ олар заң бұзушыларға бағытталмаған.

«Біз әкімшілік заңнамадағы бірқатар балама санкцияларды алып тастап заң бұзушылыққа қатысты нақты санкцияларды енгіземіз. Атап айтқанда, қазіргі заңнамада қайсібір заң бұзушылыққа айыппұл ретінде 5-7 айлық есеп көрсеткіші қарастырылған, яғни инспектордың өз қалауына қарай айыппұл салуға мүмкіндік береді. Біз 5 немесе 7 айлық есеп көрсеткішін қалдырамыз», - деді департамент бастығының орынбасары.

Сонымен қатар, С. Каверниковтың сөзіне қарағанда, департамент тарапынан жол полициясы қызметкерлеріне «бірқатар заң бұзушылықтар үшін» жүргізу куәлігінен айыру мүмкіндігін беру туралы мәселе көтерілмек. «Бүгінгі таңда біздің инспектор протокол толтырады, бірақ куәлігін алмайды. Бұл жүргізушіге жауапкершіліктен бас тартуға, айыппұл төлемеуге, өзін ерікті сезінуге мүмкіндік береді», - деді С. Каверников.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны