12.10.2009, 15:40 3206

Жол полициясы "Жол қозғалысы қауіпсіздігінің апталығын" өткізуде

Жол полициясы "Жол қозғалысы қауіпсіздігінің апталығын" өткізуде

Астана. 12 қазан. Kazakhstan Today - Жол полициясы 12 қазаннан бастап "Жол қозғалысы қауіпсіздігінің апталығын" өткізуде. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Іс-шараның мақсаты еліміздің жолдарында орын алатын апаттарды азайту мен жарақат алудың алдын алу болып табылады",- деді ресми өкіл.

Сондай-ақ, оның хабарлауынща, кеше ішкі істер органдары жүргізген "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды. Оның негізгі мақсаты атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттардың заңсыз сақталуының жолын кесу мен сатуды анықтау болып табылады.

ІІМ ақпаратына сәйкес, сонымен қатар бүгінгі күннен бастап оқудан қашатын кәмелетке толмағандарды анықтау және оларды есепке қою мақсатында әкімшілік полиция бөліністері "Сабақ" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны