07.02.2014, 18:44 3346

Жолдауды жүзеге асыру аясында Қаржы полициясы ҰКП-мен ынтымақтастықты нығайтты - А.Боданов

"Меморандум бизнесті дамыту бойынша қолайлы жағдай жасау, оның заңсыз тексерілуіне тосқауыл қою, жүйелік проблемаларды анықтау сынды бірқатар келелі істерді бірге атқаруды көздейді", - деп А. Боданов баса айтты.

Алматы. 7 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Қаржы полициясы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастықты бір жолға қойды, деп Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Айвар Боданов хабарлады.

"Биылғы Жолдаудың ерекшелігі - ол әлемнің 30 дамыған еліне кіруді көздейтін және алдағы уақытта атқаратын ұзақмерзімді басымдықтар көрсетілген құжатты ұсынып отыр. Оның ішінде Қазақстанның индустриалды және әлеуметтік жаңарудың басты құралы - шағын және орта бизнесті дамыту шараларын атап өтуге болады. Бұл ретте Елбасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сенім білдіруде", - деп А. Боданов атап өтті.

Оның айтуынша, бүгінде ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы) ҰКП арасында тығыз байланыс орнатылған.

Сонымен, 30 қаңтарда Агенттік ҰКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша бірлесе жұмыс істеу туралы Меморандумға қол қойды.

"Меморандум бизнесті дамыту бойынша қолайлы жағдай жасау, оның заңсыз тексерілуіне тосқауыл қою, жүйелік проблемаларды анықтау сынды бірқатар келелі істерді бірге атқаруды көздейді", - деп А. Боданов баса айтты.

Келісім аясында жұмысшы кездесулер мен ортақ жобаларды жасау, кеңесші органдарды құру жоспарлануда.

А. Бодановтың берген мәліметі бойынша, тиімділікті арттыру мақсатында осы тектес Меморандумдарға аймақтық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік палаталар отырады.

"Меморандумға отыру шағын және орта бизнестің дамуына оң әсерін тигізеді, яғни, Мемлекет басшысының халыққа жолдауында көрсетілген міндеттері орындалады", - деп Агенттік төрағасының орынбасары өз ойын қорытындылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны