29.01.2016, 09:25 3434

Жоспардыӊ іске асырылу жайы пысықталды

Кеше Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтыӊ төрағалық етуімен Комиссияныӊ Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарыныӊ сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралардыӊ жоспарын іске асыру барысы туралы жұмыс кеӊесі өтті

Астана. 29 қаӊтар. Kazakhstan Today - Кеше Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтыӊ төрағалық етуімен Комиссияныӊ Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарыныӊ сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралардыӊ жоспарын іске асыру барысы туралы жұмыс кеӊесі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кеӊесте ОСК мен аумақтық сайлау комиссияларыныӊ сайлау науқанын ұйымдастыру жөніндегі ағымдағы қызметі қаралды. Ортсайлауком мүшелері өздері жетекшілік ететін мәселелері мен бағыттары бойынша атқарған жұмыстары туралы айтып берді. Сайлау науқаны басталған кезеӊнен бері ОСК Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы жөніндегі күнтізбелік жоспарларын және сайлау құжаттарыныӊ нысандарын бекіту туралы, сондай-ақ, шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар мен шетелдік БАҚ-тар өкілдері қызметтерініӊ кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдағаны атап өтілді, деп хабарлайды egemen.kz тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясыныӊ мүшесі Татьяна Охлопкованыӊ айтуынша, шет мемлекеттердіӊ және халықаралық ұйымдардыӊ байқаушылары Сыртқы істер министрлігініӊ ұсынысымен ғана аккредит-теледі. "Дегенмен, қазірдіӊ өзінде бірқатар халықаралық ұйым еліміздіӊ Сыртқы істер министрлігіне сайлауға қатысатындықтарын ауызша қуаттады, - деді ол осы жайында. - Олардыӊ қатарында Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропа Кеӊесініӊ Парламенттік Ассамблеясы, сондай-ақ, Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеӊесі бар. Бұл ұйымдар біздіӊ сайлауға байқау жүргізуге ниетті екендігін білдіріп, қазіргі уақытта кандидаттарын іріктеуде".

Сонымен бірге, Комиссия мүшесі Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы 18 мемлекеттіӊ сайлау комиссияларыныӊ бірінші басшыларына шақыру жібергенін, ал еліміздіӊ Сыртқы істер министрлігі 18 халықаралық ұйымға, сонымен қатар, осы ұйымдардыӊ аясында 112 мемлекетке шақыру жібергенін атап өтті. "ҚР Сыртқы істер министрлігі бізге 98 мемлекеттіӊ аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерініӊ тізімін берді. Тұрақты немесе уақытша аккредиттелгендігі туралы куәлігі бар олар қазірден бастап сайлауға байқау жүргізуге кірісе алады", - деді Т.Охлопкова.

Ал Орталық сайлау комиссиясы төрағасыныӊ орынбасары Владимир Фоостыӊ хабардар етуінше, Мәжіліс пен барлық деӊгейдегі мәслихаттар депутаттары сайлауларыныӊ электоралды үдерісіне ешқандай шағым түспеген. "Қазірге қандайда бір мәселеге байланысты шағым түсе қойған жоқ. Дегенмен, Орталық сайлау комиссиясына хаттар түсуде. Бірақ, олар электоралды үдеріске қатысты емес. Олар негізінен әлеуметтік, тұрмыстық қиыншылықтарды қамтиды. Бұл барлық электоралды науқанда орын алатын әдеттегі құбылыс сияқты", - деді ол.

Орталық сайлау комиссиясыныӊ мүшесі Ләззат Сүлеймен өзіне жүктелген мәселелерді айта келіп, соған қатысты қолға алынған іс-шараларға тоқталып өтті. "Көрнекі ақпарат ретінде 757 билбордты орналастыру жөнінде ОСК төрағасыныӊ шешімі шыққан болатын. Оныӊ бірінші кезеӊін Астана мен Алматы, сонымен қатар, облыс орталықтарында орналастыруды аяқтап қалдық. Ондағы ақпараттар сайлаушыларға сайлаудыӊ қай күні өтетіндігінен мәлімет береді. Бұл билбордтар "Сайлауда өз таӊдауыӊды жаса!" деген ұранмен дайындалған. Жұмыстар алдағы күндері де жалғасын табады", - деді Л.Сүлеймен.

ОСК төрағасы Қ.Тұрғанқұлов Л.Сүлейменнен аталған билбордтардыӊ қашан толығымен ілініп болатынын сұраған еді. "Бұл бағытта біз жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жұмыстарды 2-3 күнніӊ ішінде толығымен аяқтаймыз", - деп жауап берді.

Кеӊес барысында қызметтіӊ негізгі және шұғыл міндеттері мен бағыттары анықталғаннан кейін ұйымдастыру жұмысыныӊ басым бөлігі тікелей өӊірлерге ауысатыны атап өтілді. Қазіргі уақытта барлық өӊірлерде сайлау учаскелерініӊ шекаралары мен учаскелік сайлау комиссияларыныӊ құрамы туралы хабарларды жариялау аяқталған. Ал округтік сайлау комиссияларыныӊ құрамы мен орналасқан жерлері, шекаралары көрсетілген сайлау округтерініӊ тізімдері бұқаралық ақпарат құралдарында 30 қаӊтардан кешіктірілмей жарияланатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны