22.12.2010, 11:51 4390

ЖШС басшылығы Алматыда айналма жол салу барысында 254,5 млн теңге жымқырған

ЖШС басшылығы Алматыда айналма жол салу барысында 254,5 млн теңге жымқырған

Астана. 22 - желтоқсан. Kazakhstan Today - ЖШС басшылығы Алматыдағы айналма жол салу барысында 254,5 млн теңге жымқырған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Хабарламада, Алматы қаласының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті ЖШС басшылығының үстінен ҚР ҚК 176-бабының 3-бабының "б" тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғағандығы айтылған.

Қаржы полициясының ақпараттарына сүйенсек, аталмыш ЖШС басшылығы "айналма жол салу барысында 254,5 млн теңге көлемінде бюджеттік қаржыны жымқырған". Жсш атауы хабарламада көрсетілмеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны