08.12.2011, 11:53 3311

Жұма күні елбасының қатысуымен жалпыұлттық телекөпір барысында индустрияландыру картасына енген жобалардың тұсаукесері өтеді

"Жұма, 9 желтоқсан күні сағат 15.00-де Астанадағы "Сарыарқа" республикалық велотрегінде Елбасының қатысуымен Индустрияландыру картасының 2011 жылдың ІІ жартыжылдығында іске қосылған жобаларының тұсаукесер рәсімі бойынша жалпыұлттық телекөпір болады. Сондай-ақ сапа саласындағы Елбасының "Алтын сапа" сыйлығы мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы "Парыз" конкурсының лауреаттары мен дипломанттарын марапаттау рәсімі өтеді", - делінген сайт ақпаратында.

Астана. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жұма күні елбасының қатысуымен жалпыұлттық телекөпір барысында индустрияландыру картасына енген жобалардың тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ертең Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен Индустрияландыру картасына енген жобалардың тұсаукесеріне арналған жалпыұлттық телекөпір өтеді.

"Жұма, 9 желтоқсан күні сағат 15.00-де Астанадағы "Сарыарқа" республикалық велотрегінде Елбасының қатысуымен Индустрияландыру картасының 2011 жылдың ІІ жартыжылдығында іске қосылған жобаларының тұсаукесер рәсімі бойынша жалпыұлттық телекөпір болады. Сондай-ақ сапа саласындағы Елбасының "Алтын сапа" сыйлығы мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы "Парыз" конкурсының лауреаттары мен дипломанттарын марапаттау рәсімі өтеді", - делінген сайт ақпаратында.

2010 жылы басталған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына 389 индустриялық жоба іске асырылып, 90 мың жұмыс орны құрылған. Инвестициялар көлемі 1,8 трлн. теңгеге жеткен, нәтижесінде ЖІӨ өсіміне қосылған үлес 2 пайызды құрап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны