20.10.2017, 18:43 6336

Жұмыс іздеген 335 отбасы оӊтүстік өлкелерден солтүстік аймақтарға ерікті түрде көшті

Бүгінгі таӊда Оӊтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маӊғыстау сияқты жұмыс күші артық облыстардан Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай сынды еӊбек қолы тапшы өӊірлерге 1324 адам қоныс аударды. Осылайша, жұмыс іздеген 335 отбасы оӊтүстік өлкелерден солтүстік аймақтарға ерікті түрде көш түзеді.

Астана. 20 қазан. Kazakhstan Today - Бүгінгі таӊда Оӊтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маӊғыстау сияқты жұмыс күші артық облыстардан Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай сынды еӊбек қолы тапшы өӊірлерге 1324 адам қоныс аударды. Осылайша, жұмыс іздеген 335 отбасы оӊтүстік өлкелерден солтүстік аймақтарға ерікті түрде көш түзеді.

Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметініӊ ақпараты бойынша, жаӊа мекенге қоныстанған еӊбекке қабілетті азаматтар тұрақты жұмыс орындарына тұрғызылады.

Ерікті көшті қолдауға арналған мемлекет көмегіне отбасыныӊ әр мүшесіне арналған 35 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі көші-қон субсидиясы, бір жыл жүзінде ай сайын берілетін 15-30 айлық есептік көрсеткіш сипатындағы баспана жалдау мен коммуналдық қызметтерді төлеу қаржысы кіреді.

Еске сала кетсек, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында еӊбек ресурстарыныӊ ұтқырлығын арттыру мақсатында, Үкімет көш шығатын және оны қабылдайтын өӊірлерді, қоныс аударушыларды қолдауға қажет әлеуметтік көмек түрлерін анықтады.

Көш ерікті түрде және міндетті түрде жұмыс беруші тарапта бос жұмыс орындары болғанда ғана қолға алынады. Осы орайда, көшті қабылдайтын жақ халықты жұмыспен қамту орталығына қандай мамандықтар жөнінде қосымша еӊбек күші керектігін, қойылатын талаптар мен шарттар туралы ақпаратты жеткізуі тиіс. Белгілі бір біліктілігі жоқ қоныс аударушы азаматтарға қысқа мерзімді оқудан өтіп, жұмысшы мамандықты меӊгеруге мүмкіндік қамтамасыз етіледі.

Бағдарламаныӊ аталған бағытын жүзеге асыру арқылы еӊбек ресурстарыныӊ қозғалысы жанданып, азаматтардыӊ экономика сұранысына сай ұтымды орналасуы қамтамасыз етіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны