05.03.2013, 10:56 2906

"Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша микронесиені 8 мыңнан астам ауыл тұрғыны алды

"Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асыру шеңберінде 8 мыңнан астам ауыл тұрығыны жеке бизнесті дамытуға микронесиелер алды, деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Тамара Дүйсенова.

Астана. 5-наурыз. Kazakhstan Today - "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша микронесиені 8 мыңнан астам ауыл тұрғыны алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асыру шеңберінде 8 мыңнан астам ауыл тұрығыны жеке бизнесті дамытуға микронесиелер алды, деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Тамара Дүйсенова.

"Ауылдағы микронесиелендіру ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуды арттыруды ғана емес, сонымен қатар олардың арасында жеке кәсіпкерлерді қалыптастыруды, және де жаңа жұмыс орындарын ашуды қарастырады. Микронесиені 8 мыңнан астам адам алып, кәсіпкерлік негіздерін 11 мың адам оқыды",- деді Т.Дүйсенова.

Сонымен қатар, ол жүзеге асыру мерзімінде 200 мыңнан астам адам бағдарлама қатысушысы болғанын айтты. Қатысушылардың жалпы санының 30% өз-өзін жұмыспен қамтығандар болса, 69 % - жұмыссыздар.

Бірінші бағыт аясында 59 мың адам оқуды аяқтап, 38,5 мың адам еңбекпен қамтылған.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2012 жылы 28 мың адам оқуды аяқтады, еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру шеңберінде бүгінгі таңда 764 үй тұрғызылып, 8 мың адам көшірілген, олардың 3 789 адамы еңбекке жарамды, көшірілгендердің

60% еңбекпен қамтылған.

Жаңа "Инфрақұрылымды дамыту" төртінші бағыт аясында 563 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны жөндеуден өткен, соның есебінен 7 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

Қортындылай келе, Тамара Дүйсенова атқарылған шаралар жұмыссыздық деңгейін 5,4-тен 5,3%-ға дейін төмендетуді қамтамасыз еткенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны