10.02.2014, 19:27 5103

"Жұмыспен қамту жол картасы-2020" бағдарламасы аясында 52 мыңнан астам жұмыссыз жұмыспен қамтылды - Т.Дүйсенова

Сонымен қатар министр, ЖҚЖК бойынша жақсы көрсеткіштер Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында байқалғанын тілге тиек етті.

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan today. "Жұмыспен қамту жол картасы-2020" бағдарламасы аясында 2012-2013 жылдар аралығында 52,5 мың екі қолға бір күрек іздегендер тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы ҚР ЕХИҚМ алқа отырысында ведомство басшысы Тамара Дүйсенова хабарлады.

""Жұмыспен қамту жол картасы-2020" бағдарламасы аясында 2012-2013 жылдар аралығында 52,5 мың екі қолға бір күрек іздегендер тұрақты жұмысқа орналастырылды. Осының арқасында еліміздегі жұмыссыздар деңгейі төмендеді", - деп Т. Дүйсенова хабарлады.

Сонымен қатар министр, ЖҚЖК бойынша жақсы көрсеткіштер Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында байқалғанын тілге тиек етті.

ЕХИҚМ басшысы атап өткендей, бағдарламаны жаңадан қаржыландыру жүйесі енгізілуде.

Сонымен, келер жылдан бастап қомақты қаржының 80% тұрғындар санына қарай, ал, 20% жұмыс нәтижесіне қарай үлестірілетін болады.

""ЖҚЖК-2020" аясында өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 37 мыңы тұрақты жұмысқа орналастырылды. Олардың 17 мыңы микронесие алып, өз кәсібін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашты. Ал, жұмыссыздардың 52,5 мыңы 2012-2013 жылдар аралығында тұрақты жұмысқа орналастырылып, жұмыссыздар деңгейі елімізде төмендеді", - деп ЕХИҚМ басшысы өз ойын толықтырды.

Осылайша, арнайы бағдарлама аясында тиімсіз еңбекпен қамтылғандар саны соңғы екі жылда 50 мың адамға қысқарды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны