26.05.2008, 15:21 1704

Жүргізуші талондарын беру мерзімі ұзартылады - телеарна

Жүргізуші талондарын беру мерзімі ұзартылады - телеарна

Алматы. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәліктеріне талон беру мерзімін ұзартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Алматыда өткен брифингте ҚР ІІМ жол полициясы комитетінің төрағасы Өмірзақ Түсімов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Хабар" телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Ақпаратқа сүйенсек, талондар келер жылдың қаңтарынан бастап енгізу көзделіп отыр. Жол полициясы комитеті басшысының айтуынша, қазір оның ведомствосы мерзімді кейінге шегеру жөніндегі бұйрық әзірлеп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда жүргізуші куәліктеріне талонды 1 шілдеден бастап енгізу көзделген болатын. "Дәл сол уақыттан бастап электронды құжат болмаған жағдайда жол полициясы жүргізушілерді бір айлық есептік көрсеткіш пен 2 айлық есептеік көрсеткіш арасында айыппұл салып, көлікті айып тұрағына жеткізе алатын еді", - деп хабарлайды телеарна.

"Мерзімді кейінге шегерудің басты себебі - ІІМ 1 шілдеге дейін барлық көлік жүргізушілерін талонмен қамтамасыз етіп үлгермейді", - деп түсіндірді ақпарат көзі.

Ө. Түсімовтың айтуынша, құқық қорғау ведомствосы жүргізушілер куәлігінің чипін пайдалану үшін Ұлттық банкке жүгінген.

"Бізге олай болмайды деді. Себебі, біріншіден, бұл чипті төлем құжаты ретінде пайдалануға болмайды. Екіншіден, БҰҰ Вена конвенциясына сәйкес, жүргізуші куәлігі 10 жылға, ал талон 3 жылға беріледі", - деп хабарлады жол полициясы комитетінің төрағасы. "Яғни, Вена конвенциясының ережесіне сәйкес, ол конвенция әрекет ететін елдер бізді шекараларынан өткізбей қойған болар еді. Біз сондықтан қосымша құжат беруге мәжбүрміз", - деп түсіндірді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны