25.04.2012, 14:00 3528

Журналист Л. Ахмедьяровқа қатысты қылмыс жасаған күдіктілер іздестірілуде

"Ішкі істер органдары Орал қаласының тұрғыны Лұқпан Ахмедьяровқа қатысты қылмыс жасалды деген күдікпен сырт-келбеті азиялық, жасы 18-20 аралығындағы, бойлары 170-175 см болатын жас жігіттерді іздестіруде. Қылмыс жасаған сәтте күдіктінің біреуі ақ лампасы (лампас-шалбар) бар қара түсті спорттық киім киген. Шабуыл жасаған екінші қылмыскердің ерекші белгісі - ол қара торы", - деді брифинг барысында Нұрділдә Ораз.

Астана. 25-сәуір. Kazakhstan Today - Ішкі істер органдары Орал қаласының тұрғыны, журналист Лұқпан Ахмедияровқа қатысты қылмыс жасады деген күдікпен екі жас жігітті іздестіруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ баспасөз қызметінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

"Ішкі істер органдары Орал қаласының тұрғыны Лұқпан Ахмедьяровқа қатысты қылмыс жасалды деген күдікпен сырт-келбеті азиялық, жасы 18-20 аралығындағы, бойлары 170-175 см болатын жас жігіттерді іздестіруде. Қылмыс жасаған сәтте күдіктінің біреуі ақ лампасы (лампас-шалбар) бар қара түсті спорттық киім киген. Шабуыл жасаған екінші қылмыскердің ерекші белгісі - ол қара торы", - деді брифинг барысында Нұрділдә Ораз.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын хабарланғандай, Оралда 19 сәуір күні сағат 22:10 шамасында "Уральская неделя" газетінің тілшісі, 1975 жылғы Лұқпан Ахмедьяровқа (Молодежный көшесі 1/3 мекенжайындағы үйі маңында) әлденеше рет пышақ сұғып, болжам бойынша "ОСА" травматикалық пистолетінен екі рет оқ атқан. Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Л.Ахмедьяров жедел жәрдем көлігімен облыстық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл медициналық көмек жасалды. Қазіргі кезде облыстың құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылып, жұмыс жасауда. Қылмысты жасаған адамдар іздестірілуде. ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлімі және 96-бабы 1-бөлімі бойынша (қасақана адам өлтіруге оқталу) қылмыстық іс қозғалды. Облыс прокуроры қылмыстық істі тергеу барысын ерекше бақылауға алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны